Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

13 Қараша, 09:37 304

Ішкі істер министрлігі қазақстандық ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалың қардың түсуімен бірге балалардың қауіпсіздігіне көңіл бөлген жөн, себебі жолдың жанында шанамен сырғанау сияқты қысқы ойындар қауіпті болуы мүмкін.

Балалар көбіне айналасындағы қатерді байқамайды және сырғанақтан тікелей жолға қарай шығып кетуі ықтимал. Бұл олардың жарақаттануына немесе жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін, - делінген мәліметте.

Сондықтан балаларға негізгі қағидаларды түсіндіріңіз:

– Тек тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүру керек;

– Жолдың жанында ойнауға болмайды;

– Жолды кесіп өту кезінде екі жаққа да қарау керек екенін үнемі еске салып отырыңыз;

– Қыста балаларды жүргізуші көретіндей ашық түсті, көзге көрінетін киім кигізіңіз.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: