Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды

11 Қараша, 12:00 406

Санжар Әділов ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының өкімімен Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, - делінген мәліметте. 

Санжар Әділов 1977 жылы 26 қыркүйекте Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары.

Еңбек жолын тергеуші болып бастаған.

2023 жылғы мамыр айында Қарағанды облысының полиция департаментінің басшығы болып тағайындалған.

Бөлісу: