Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Талғарға барды

12 Қазан, 15:08 1267

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов Талғардағы Шерзат Болаттың өртенген үйіне барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

- Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша мен оқиға орнына келдім. Жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге Ішкі істер министрлігінің өкілдері қызмет атқаруда. Бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлер ұсталып, жауапқа тартылатын болады. Қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауында, - деді Бауыржан Аленов.
Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: