Ішкі істер министрі Түркістандағы жаңа учаскелік полиция пунктіне барды

14 Қыркүйек 2023, 09:00 775

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапары аясында өңір әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге заманауи үлгідегі учаскелік полиция пунктіне барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция пункті 38 мыңнан астам тұрғыны бар Отырар мөлтек ауданында орналасқан. Мұнда учаскелік полиция инспекторымен қатар жасөспірімдермен жұмыс істейтін инспектор, көші-қон полициясы, пробация қызметкері бар.

Нысанда арнайы мәжіліс залы, ана мен бала бөлмесі, асхана, демалыс орны, адамдарды қабылдауға арналған ресепшен қарастырылған. Ғимарат толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтылған.

Полиция ведомствосының басшысы пунктте жергілікті тұрғындармен жүздесіп, ақсақалдармен сөйлесті. Сонымен қатар Ержан Саденов Түркістан облысы полиция департаментінің жаңа ғимаратында да болды.


Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: