Ішімдік ішетіндер мен темекі шегетіндер медициналық сақтандыруға көбірек төлеуі керек пе?

30 Сәуір, 18:46 1757

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәжілісмендердің медициналық сақтандыру жүйесінің пайыздық мөлшерлемесін темекі шегетіндер мен ішетіндер де төлеу керек деген ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр Қазақстандық сақтандыру моделі міндетті әлеуметтік сипатқа ие екенін айтты. Оның сөзінше, барлығы белгіленген тариф бойынша төлейді, ал денсаулығынан айырылу қаупі бар адамдар көмек алады.

Сонымен қатар, министр қолданыстағы міндетті медициналық сақтандыру жүйесі барлық сақтандырылған адамның жарна мөлшеріне қарамастан, медицина қызметтері пакетін бірдей қолжетімді ететіндігін айтты. Ал көмек сұраған кезде науқастардың көлемі де, төлейтін бағасы да шектелмейді.

Ұсыныстарыңыз ескерілді. Салауатты өмір салтын нығайту және зиян өнімдердің (алкоголь, темекі, құрамында қант бар өнімдер) экономикалық қолжетімдігін шектеу жөніндегі одан әрі іс-шараларды әзірлеу кезінде сіз атап өткен азаматтар санаттарының денсаулық сақтау шығынын қаржыландыруға көбірек қатысуы туралы ұсыныстар енгізіледі, – деді министр.

Ақмарал Әлназарова депутаттардың ұсыныстары қазірдің өзінде алкоголь мен темекіге жоғары акциздік ставкалар мен вейптерді пайдалануға тыйым салу арқылы жүзеге асырылғанын айтты.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: