20 Шілде 2016, 09:07
Жыныстық қатынас жасауға, сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр етудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы.
Бұл Қазақстан Республикасының ҚК 1997 ж енгізілген басты қылмыс құрамы. Бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігі тек әйелдің ғана емес еркектің де жыныстық қол сұғылмаушылығына қол сұғу болып табылады. Сонымен қатар бұрын қылмыстық жазаға тартылмаған әйел мен әйел арасындағы қатынасы үшін қылмыстық жауапқа тартылады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық құқық бұзушылық объектiсi деп қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды тану қалыптасқан. Себебi, кез келген қылмыстық құқық бұзушылық жасағанда адам қоғамдық қатынастың қандай да бiр элементiне озбырлық жасайды. Олардың өзара байланысын бұзады, қоғамдық қатынасқа қатысушылардың мүддесiне тiкелей немесе жанама нұқсан келтiредi.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі болып қылмыстық құқық нормаларымен қол сұғылған үшін жауапкершілік көрсетілген қоғамдық қатынастар танылады.
Қоғамдақ қатынастар - адамдар арасындағы байланыстар және олардың белгілі бір құндылықтар жайлы тәртібі. Қоғамдақ қатынастар бұл бізді қоршаған әлемнің қоғамдақ қатынастар, объективтік ақиқат, жалпы қарым-қатынастардың көрінуі. Басқа қатынастарға қарағанда қандай қиын формаларда болмаса да бұл қатынастар әрқашанда адамдар арасындағы қатынастар.
Қоғамдық қатынастар адамдар арасында олардың күнделiктi iс-әрекетiнде танымдық және рухани өмiрде қалыптасатын қатынастар. Қоғамдық қатынас сипаты мен құрылымы бойынша күрделi құбылысты құрайды. Қоғамдық қатынастардың басты элементтерi: қоғам, мемлекет және оның қалыптасуы, құрылуы және олардың өкiлдерi; әртүрлi бiрлектiктер мен адамдар ұжымы, жеке адамдар; материалдық заттар және қоғамдық қатынасқа қатысушылар арасындағы әртүрлi нысанда көрiнiс табатын өзара байланыстар.
Қылмыстылықпен қылмыстық-құқықтық күрес, қылмыстық заңнаманың нормаларын дұрыс қабылдануы білдіреді, яғни, жасалған қылмысты дұрыс саралануы. Қылмысты саралау – қылмыстық заңнамамен көзделген әрбір қылмыс құрамының түсінігін және мазмұнын ашуды талап етеді. Қылмыс құрамы – «қылмыс белгілерінің қатаң жүйесі». Осы белгілердің бірінші орнында – қылмыс объектісі тұр.
Қылмыс объектісінің маңызы – Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тарауларындағы көп қылмыс құрамдары ол бойынша дифференциаланатынынан тұрады.
Қылмыс объектісінің үлкен маңызы – онымен ұқсас қылмыс құрамдарының ажыратылуында. А.Б. Куринов айтқандай: «Қолсұғушылықтың жалпы, тектік және тікелей объектінің дұрыс анықталуы қылмыс саралағанда қажетті бірінші кезең болып табылады»
Шынымен де, жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету сияқты, осы құрамда осы қылмыстың тікелей объектісін орнату маңызды болып табылады. Яғни, жыныстық толысуға жеткенге толған әйел және ер адамдарың жыныстық бостандығы сонымен қатар, 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған әйел және ер адамдардың дұрыс рухани және физикалық дамуы және жыныстық тиіспеушілігі.
Қылмыс құрамын оны 3 буынға бөлу жолымен топтастыру – жалпы, тектік (немесе арнайы, топтық) және тікелей біздің мемлекетіміздің қылмыстық заңнамасында ғана емес сонымен қатар, КСРО құлауынан кейін құрылған мемлекеттердің және кейбір шет мемлекеттердің қылмыстық құқығында бар.
Бірақ осындай топтастыруды барлық ғылымдар ұстана бермейді, ол тәжірибеде Б.С.Никифоров және Е.А.Фролов сынға ұшыратты. Ол осы үш мүшелі топтастыру қатаң ғылыми және әмбебап болып табылмайды деген.
Н.И. Коржанский жалпы, тектік, түрлілік және тікелей объектілер деп, төрт мүшелері классификацияны ұсынады.
Біздің көзқарасымыз бойынша Н.И.Коржанскийдің ұсынған топтастыруы қарастырылып жатқан қылмыс құрамына барынша сәйкес келіп түр.
Сондықтан да қарастырылып жатқан қылмыс құрамының объектісі төрт буындағы классификацияға сәйкес қарастырылады.
Қылмыстық құқықта дәстүр бойынша қылмыс объектісі дегеніміз – ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Қылмыстық-құқықтық әдебиетте қылмыс объектісінің мәселесі ең даулылардың бірі болып табылады.
Қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде жыныстық қылмыстардың тектік объектісіне байланысты көптеген пікірлер кездеседі.
П.П.Осипов жыныстық қылмыстардың тектік объектісі деп – адамдардың жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты олардың арасындағы қарымм-қатынастар пайда болуының әлеуметтік негіздері деп санады.
Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр етудің түрлік объектісі «жекелеген жыныстық сипаттағы әрекеттер қол сұғатын қоғамдық қатынастар».
Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр етудің тікелей объектісі әйелдің және ер адамның жыныстық еркі және бостандығы, ал қосымша тікелей объектісі әйелдің және ер адамның денсаулығы, ар-намысы болып табылады. Қылмыстың жәбірленушісі әйел адамдармен қатар, ер жынысты адамдар да болады.
Сексуалдық сипаттағы зорлау әрекеттері зорлаумен тең жауапқа тартылады. ҚК 123 бабында көрсетілген әрекеттердің ауырлығы әділетті түрде қай жыныстың (еркектің, әйелдің) жыныстық қол сұғылмаушылығына жыныстық бостандығына, қол сұғылмаушылықтың құрбан болуына қарамастан сараптанады.
Қылмыс құрамының тағы бір маңызды элементі - оның объективтік жағы болып табылады. Қылмыстың объективтік жағы – орын, уақыт және жағдайдың арнайы жағдайларында өтетін қылмыстық мінез – құлықтың сыртқы актін білдіреді.
Субъектіні қылмыстық жауаптылыққа тартқаны негіз болып – белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік болатыны белгілі. Ондай болмаса қылмыс құрамының объективтік жағы туралы сөз де болмайды.
Барлық жыныстық қылмыстар, соның ішінде зорлау да тек қана әрекетпен жасалады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр етудің объективті жағы - адамды бопсалау, оған мүлкiн жою, бүлдiру немесе алып қою қатерін төндіру арқылы не жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзгедей тәуелдiлiгiн пайдаланып жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттердi жасауға мәжбүр ету әрекетерімен сипатталады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 123-шы бабының диспозициясында көрсетілген - әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынасқа түсуіне немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу келесі жағдайларда орын алады:
а) адамды бопсалау;
б) адамның мүлкiн жою, бүлдiру немесе алып қою қатерін төндіру;
в) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзгедей тәуелдiлiгiн пайдалану.
Бұл арада бопсалау дегеніміз жәбірленушінің жеке басына қатысты мәліметтерді ашу қауіптілігін тудыратын қылмыс, жәбірленушінің немесе оның жақын туыстарын масқаралайтын мәліметтер таратамын деген қорқытулар жатады. Дұрыс немесе қате информацияны бір адамға айтса да - оны тарату деп санауға болады. Бопсалаудағы факультативтік обьект - жәбірленушінің абыройы мен ар-намысы.
Мүлікті одан әрі пайдалануға жарамсыз етіп тастаймын деп қорқыту мүлікті бүлдіремін деген қорқытуға жатады, ал жою қаупінде меншіктік мүліктің білінуі, зардаптануы түсінілеі. Мүлікті бастапқы қалпына келтіру үшін күрделі жөндеу қажет болады деп қорқыту мүлікті бүлдіремін деген қорқытуға жатады. Мүлікті тартып алған жағдайда жәбірленуші оны өзінің қалауынша билеп, пайдалана алмай қалады. Жою қаупі - мүлікті алу немесе зардаптардың психологиялық әсер етуі. Қорқыту мүмліктің белгілі бір мөлшеріне немесе барлығына қатысты болуы мүмкін. Оның жойылуы жәбірленушінің еріксіз жыныстық қатынасқа түсуіне әкеліп соғады.
Жәбірленушіге оның жыныстық қатынасқа түсуіне қысым жасалуы мүмкін. Бұл көбінесе материалдық немесе басқа тәуелдіктерді мәжбүрлеу қозғалады. Жәбірленушінің толық немесе ішінара кінәлыға кіріптар болуы (оның асырауында, күтуінде болуы немесе оның тұрғын жайында тұруы) материалдық тәуелділік деп саналады. Өзге де тәуелділікке жәбірленушінің кінәлы адамға қызметі, жұмысы жағынан (материалдық жағынан емес) бағынышты немесе соның бақылауында болуы жатады. Мысалы, оқытушы мен оқушының лауазымды адам мен оған бағынышты қызметкердің арасындағы қатынас. Материалдық жетіспеушілік әсерінен көбінесе, өгей әкесі немесе шешесімен тұратын кәмелетке толмаған жәбірленушілер жыныстық қатынасқа түседі.
Басқа тәуелділік түрлеріне қарастыруға түспейтін түсінігі жұмыс бабымен тәуелді, биліктік өкілеттіктің бөлінуі және тағы басқалары жатады.
Әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынасқа түсуіне немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүр ету дегеніміз - нәпсіқұмарлық әрекетті жасауға зорлау деп түсінген жөн. Заңда адамды бопсалау, мүлкін құртамын, бүлдіремін немесе тартып аламын деп қорқыту жәбірленушінің материалдық немесе өзге тәуелділігін пайдалану арқылы мәжбүрлеу тәсілдерін қолдану осы қылмыстың объективтік жағының қажетті белгілері болып табылатыны анық көрсетілген. Мәжбүрлеу дегеніміз - жәбірленуші кінәлімен жыныстық қатынасқа ерікті түсуі үшін психикалық басу әрекеттері. Мәжбүрлеу әртүрлі ауызша, жазбаша және де құралдармен жасалуы мүмкін.
Осы қылмыстың объективті жағының белгілісі ретінде қарастырылатын әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынасқа түсуі күрделі сұрақ.
Әйел мен еркек арасындағы жыныстық қатынас дау туындатпайды, ол - әйел мен еркек арасындағы табиғи түрдегі жыныстық қатынас. Осылай, осы қылмыс құрамының қажетті және жеткілікті белгісі – жәбірленушіні жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеу саналады.
Табиғи жыныстық қатынас, яғни әйел мен еркектің табиғи жолмен қосылуы болып табылады. Жыныстық актті елестететін және per os немесе per anum жолмен жасалынатын сексуалы сипаттағы әрекеттер табиғи түрдегі жыныстық қатынас ретінде бағаланбайды. Қазақ КСР-дің 1959 жылғы Қылмыстық кодексі бойынша зорлауға жыныстық құмарлықты қанағаттандыру мақсатымен әйелге қатысты жасалынатын нәсіпқұмарлық сипаттағы басқа да әрекеттер жатты. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексте осындай әрекеттер дербес құрамға бөлінді, зорлау өз алдына жеке қылмыс болып сараланады.
Жыныстық қатынасқа – еркектің жыныс мүшесінің әйелдің жыныстық мүшесіне кіргізумен байланысты емес жыныстық қатынастың елестетуін жатқызуға болмайды. Осындай әрекеттер істің мән-жайларына байланысты сексуалды сипаттағы әрекеттер немесе басқа да қылмысқа саралануы мүмкін.
Сот дәрігерлері және криминалисттердің өздері арасында жыныстық акт ұғымын анықтау мәселесі бойынша ұзақ уақыт бойы дау болды. Медициналық және заң ғалымдардың өкілдерінің бөлігі жыныстық акттің ұғымын кең түсіндіріп, бұған жыныстық актті де, бұрмалау нысанындағы жыныстық қажеттілікті қанағаттандыруды қосқан.
Сот дәрігерлердің және криминалистердің басқа бөлігінің ұстанымы қолданыстағы заңнамаға сәйкес келеді, яғни жыныстық акт бұл руды жалғастыруға бағытталған және еркектің жыныстық мүшесінің қынапқа енгізумен бітетін физиологиялық акт. Жыныстық акт – ол біріншіден, жыныстардың қатынасы. Жыныстық акт – физиологиялық акт ретінде әр түрлі жыныстағы адамдардың, яғни әйел мен еркектің арасында болады. Басқа нысандағы, жыныстық қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған басқа да әрекеттер жыныстық акт болып табылмайды, оларды тек бұрмалау нысанындағы жыныстық қажеттілкті қанағаттандыру деп анықтауға болады және солай анықтау тиіс.
Жыныстық актті кеңінен талқылайтын криминалисттер – жыныстық акт табиғи және табиғи емес түрде (бұрмалау) мысалы, coitus per os, coitus per anum нысандарында жасалуы мүмкін деген. Криминалисттердің басқа тобы – жыныстық акттің түсінігін шектеп түсіндірудің жақтаушылары – жыныстық акттің бұрмалау нысанындағы түсініктемені қолданудан бас тартты, олар осындай әрекеттерді жыныстық құмарлықты бұрмалау нысанында қанағаттандыру деп атау керек деген.
Кеңестік заң әдебиетінде Г.З. Анашкиннің ұстанымы әділетті сынға ұшырады, оның ойынша «жыныстық акт» медициналық және құқықтық мағынада әр түрлі маңызда болады.[2]
Криминалисттік әдебиеттердегі жыныстық акттің ұғымын анықтаудағы келіспеушіліктер Қазақ КСР-нің қылмыстық кодексінде және бұрынғы КСРО-ның кейбір одақтас республикаларының кодекстерінде келесі түсініктемелердің, яғни «әйел мен еркектің жыныстық акті» (РСФСР ҚК 121 бабы, Өзбек КСР ҚК 100 бабы, БКСР ҚК 119 бабы, УКСР ҚК 122 бабы), «бұрмалау нысанындағы жыныстық акт» (Қазақ КСР ҚК 102 бабының 2 бөлігі, Қырғыз КСР ҚК 110 бабының 2 бөлігі) және «жыныстық құмарлықты қанағаттандырумен байланысты бұрмалау нысанындағы жыныстық акт» (РСФСР ҚК 119 бабының 2 бөлігі, БКСР ҚК 117 бабының 2 бөлігі, Армян КСР ҚК 114 бабының 2 бөлігі, Түркмен КСР ҚК 124 бабының 2 бөлігі) түсініктерін қолданумен байланысты болып келеді. Жыныстық актті кеңінен талқылауды жақтаушылар дәл осы мән-жайға сілтеу етті. Сонымен бірге, осы дәлелдемелерді сол кездегі қылмыстық заңнамада қолданылатын «Әйелді жыныстық қатынасқа түсуге немесе басқа нысандағы жыныстық құмарлықты қанағаттандыруға мәжбүрлеу» (РСФСР ҚК 118 бабы, Өзбек КСР ҚК 97 бабы, Тәжік КСР ҚК 109 бабы, Армян КСР ҚК 113-бабы, Түркмен КСР ҚК 123 бабы) фактімен әшкерелеуге болады. Осылай, КСРО аумағындағы әрекет еткен қылмыстық заңнама жыныстық қатынасты Беларусь КСР ҚК-нің 116 бабының диспозициясында айтылғандай жыныстық құмарлықты қанағаттандырудың басқа нысандарынан немесе жыныстық құмарлықты бұрмалау нысанында қанағаттандырудан ажыратқан.
Қазақстанның қазіргі қылмыстық заңнамасында жыныстық актті анықтағанда осындай қайшылықтар жоқ. Жоғарыдағыдан шыға келе, ҚР ҚК-нің 120 бабындағы жыныстық қатынас мағынасында, тек қана табиғи қатынасты түсінуге болады.
Қылмыстық құқық ғылымында жыныстық қатынас ұғымының дұрыс анықталуы қорлау және оған ұқсас қылмыстарды нақты айыру және зорлаудың түрлі сатыларын айыру үшін қажет.
Әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынасқа мәжбүрлеудің объективтік жағы біріншіден, әйел немесе ер адаммен оның еркінен тыс, амалсыз жағдайға түсіріп жасалынған жыныстық қатынасты жасауында көрініс табады. Жәбірленушінің қарсылық көрсетуін жеңу және қарсылық білдіру мүмкіндігін болдырмаудың тәсілі ретіндегі қолданылған бопсалау мен қорқыту тек сексуалдық әрекет құрбанына ғана емес, сонымен қатар жәбірленушінің қауіпсізідігі маңызды болатын адамдарға (алдымен туыстарына және жақындарына) қолданылады.
Мәжбүрлеу – адамға кез келген психикалық ықпал жасау. Әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынасқа түсуіне немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеудегі психикалық ықпал ету жәбірленушінің қарсылық білдіруін басуға бағытталған әрекеттерден көрініс табады. Мысалы, бопсалау, абыройын төгетін ақпараттарды таратамын деп қорқыту. Мұнда ол ақпараттардың шындыққа сәйкес келуі шарт емес, олар шын мәнінде адамға зардап келтіретіндей күші болса жеткілікті.
Әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынасқа түсуіне немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу барысында қолданылатын психикалық қысым жәбірленушінің нақты (алдамшы емес) қарсылығын жеңе алатындай өте қарқынды болу керек. Осыған байланысты нақты қарсыласуды білдірмеген, сонымен қатар, тек көз көрелікті ғана көрсеткен немесе оның нәсіпқұмарлық серіктің әрекеттеріне келіспеушілікті білдірмеген әйел немесе ер адаммен жыныстық қатынасқа және өзге де сексуалды сипаттағы әрекеттерге баруын қылмыс деп есептеуге болмайды. Мысалы, жыныстық жақындық туралы ұсыныстан бас тартқан әйелді басында екінші әйел мәжбүрлесе, бірақ, содан кейін қосылу басында әйел қарсыласуды тоқтатса, ол жыныстық қатынасқа келіскендік болып саналады.
Кейбір заңгерлер егер жәбірленушінің қарсыласуы жыныстық қатынастың басынан бастап аяғына дейін болса жыныстық қатынас мәжбүрлі болады деп санайды. Қарсыласу түсінігінің осындай түсіндірілуімен келісу өте қиын. Сот тәжірибесінің талдауы көрсеткендей кейбір жағдайларда адам қарсыласудың керек еместігін немесе оған психикалық мәжбүрлеудің жалғаса беруінен қорқып, қарсыласуды тоқтатады немесе оны мүлдем көрсетпейді.
Қарсыласуды ақиқатты деп тану үшін, адам қолсоғушылыққа тойтарыс беру үшін барлық мүмкіндікті жасаса және жыныстық қатынасқа түспеу тұрып, субъектісіне анық түсінікті болуы тиіс.
Әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынасқа түсуіне немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеудегі психикалық қысым көрсету тек қылмыскер жыныстық қатынасқа түсетін адамға ғана емес, сонымен қатар құрбанға жақын адамдарға да қолданылады. Осындай жағдайларда жәбірленушіге қысым көрсету мәні бойынша қылмыс құрбанына психикалық әсер болып табылады. Сондықтн да, әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынасқа түсуіне немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу психикалық зорлық-зомбылық қолдану болып табылады. Қауіп-қатер – бұл жамандықты келтіруді болжау. Ол сөз арқылы да, әрекет арқылы да білдіріледі.
Жәбірленушінің мәжбүрлеуге қарсылық білдіруін жеңудің тәсілі ретіндегі психикалық қысым, қауіп-қатер белгілі тір талаптарға сай болуға міндетті. Ол нақты, шын болу керек. Мәжбүрлеудегі қауіп-қатердің нақтылығы – кінәлі қауіп-қатерді шындығымен жүзеге асыруды мүмкін және осында ешқандай кедергі бола алмайды дегенді білідреді. Басқа жағдайларда қауіп қатерді нақты емес деп санауға болады. Кінәлінің әрекеттерін бағалағанда тек жәбірленушінің субъективті бағасын ғана басшылыққа алмау керек, себебі, ол жоғартылған сезімнен немесе басқа себептерге байланысты, ондай болып саналмайтын әрекеттерді қауіп-қатер деп тануы мүмкін.
Қысым тікелей болу керек, яғни жыныстық қатынасқа мәжбүрлейтін және құрбанның қарсыласуы болған жағдайда сол уақытқа қауіп-қатерді жүзеге асыратын ниеті болуы керек. Қысым өте қарқынды болу керек, яғни қауіп-қатер төндіретін тұлғаның оның жүзеге ас