«Ирина Кайратовнаның» мобилографының өлімі: алдын ала себебі айтылды

16 Қазан 2023, 14:10 1182

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы «Ирина Кайратовна» тобының концерті кезінде қайтыс болған 21 жастағы мобилографтың өліміне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарттық агенттігі хабарлайды.

14 қазанда Жылқайдаров Шахназдың денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін сот сараптамалары институтына жеткізілді. Өлімнің алдын ала себебі – жедел геморрагиялық панкреонекроз, - деп хабарлады әкімдік.

Оқи отырыңыз:

Өлімнің нақты себебі токсикологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады. Зерттеу деректері екі аптаға дейін жүргізіледі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: