Ірі компания мемлекетке 600 миллион теңге қаражат төлейтін болды

8 Тамыз, 10:09 375

Атырау облысындағы ірі компания жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін мемлекетке 600 млн теңгеден астам қаражат төлейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ANACO» ЖШС 2018-2023 жылдар аралығында көлемі 4 237 248 м3 шикі газдың жоғалуына жол беріліп, жер қойнауын ұтымсыз пайдаланған

Бұл «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің 125-бабының 2-тармағы және 147-бабының 4-тармағының талаптарын өрескел бұзу болып саналады (көмірсутектерді өндіру оның жоғалуын болдырмайтын әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы керек).

Қадағалау актісінің негізінде Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасымен мемлекетке келтірілген залал мөлшері есептеліп, 673 130 278 теңге.

Жер қойнауын пайдаланушымен ерікті түрде 285 000 000 теңге төленді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: