Ірі көлемде есірткі жасырған астаналық ұсталды

9 Қыркүйек 2023, 19:08 1003

Елордадағы дәмхана маңындағы жанжал кезінде қару қолданған 31 жастағы ер адам анықталды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Оны «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әшкерелеген.

Сараптамаға сәйкес, қарудың газ-травматикалық калибрлі 45 RUBBER, МП-80-13Т тапанша екені анықталды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ 38 жастағы елорда тұрғынына тиесілі ВАЗ-2115 автокөлігінің салонын тексеру барысында полиэтилен пакеттерге оралған 435 дана көлемінде мефедрон есірткісінің ірі партиясы тәркіленді.

Бірқатар сараптама тағайындалды. Оның ішінде сот-химиялық сараптамалар да бар. Есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы қылмыстарға қатысы бар екі адам да УҰИ-ға қамалды.

Перизат Саденова
Бөлісу: