Ірі ақпарат агенттігінің басшысы мен оның отбасы мүшелерінің денелері табылды

1 Сәуір, 09:06 1300

Bloomberg басшысы Ричард Самарел мен оның жұбайы Лина Мария Самарел және олардың тоғыз жасар қызы Саманта Самарелдің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

New York Post мәліметінше, марқұмдардың денелерін полиция қызметкерлері көршісінің қоңырауынан кейін Самарелдің Оңтүстік Каролинадағы үйінен тапқан. Ричард Самарел 54 жаста, ал оның жұбайы 45 жаста болған. Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

NYP басылымының болжамы бойынша, бұл уақытта марқұмдардың тағы бір қызы мен ұлы мектепте болған. Олардың фотосуреттері Лина Самарелдің әлеуметтік желілердегі парақшаларында бар екен.

Ричард Самарел Bloomberg LP-да активтерді басқарумен айналысқан. Оның жұбайы Лина – Колумбиядан келген иммигрант, ол АҚШ-тың ардагерлер ісі жөніндегі министрлігінде жұмыс істеген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: