Ирандықтардың түріктермен араласуы

23 Тамыз 2014, 13:10

Ирандықтардың түріктермен араласуы

“Исламияттың Түркістан елдерінде таралуындағы Иран халықтары мен мəдениеттерінің алар орны ерекше... Алайда, ирандықтар мен түріктердің қарым-қатынастары Исламнан бұрынғы ғасырлардан, көне дəуірлерден-ақ басталғаны əйгілі. Сондықтан, ал дымен Исламнан бұрынғы дəуірлердегі Иран-Түркістан қатынастарына шолу жасағанымыз абзал. Ариандардың көне Иран мəдениетінің ықпалында болғаны археологиялық қазбалардан анықталған. Халқы ирандықтар болған Ферғананың сəйгүлiктерiнің атағы күллі құрлыққа таралған-ды. Ферғана батыс жақтың, əсiресе, Иран мəдениеті тəсiрлерiнiң Орталық Азияға шығатұғын қақпасы едi. Ферғана тұрғындары Иран тектi саудагер халықтар едi. 659 жылға дейiн осы өңiрде Кушан мəдениетiнiң өктем екендiгi аңғарылады. 659 жылдан кейін түрiк əсерi айқын бола бастайды. Сақтардың нақты қай тiлде сөйлегенiн ашып айту қиын да даулы мəселе. Ғалымдар олардың басым көпшiлiгi иран тiлдi еді деседi. Алайда, кейбір солтүстiк сақ тайпаларының түрiк тiлдi болуы əбден мүмкiн. Қазiргi қазақ тiлiнiң сөз қорында парсы тiлiнен енген мыңдаған (бір санақ бойынша, 3000 нан астам. - С. Ж.) сөздердiң болуы, осы иран тiлдi сақтар мен соғдылардың түрiк тiлдi халықтарды қалыптастырған тайпалардың құрамына кіргендігінен... Түрiк мəңгі тас ескерткіштерінде шад, қатын, тигин (тегін), тархан сықылды иран сөздерінің кездесуі көне түріктердің парсылармен етене араласқанын дəлелдейді. Шад сөзі көне парсы диалектісінде діни билеуші, қасиетті билеуші мағнасындағы “пат” сөзінен хасіл болған “шад” формасы - бек (князь) деген мағнада. Түріктер соғдылармен қатар VI ғасырда Жібек Жолы саудасының бас кейіпкері болған-ды... Пазырық (м. б. V-III ғғ. ) қорғандарынан табылған, бүгінге шейін бұзылмай, шірімей жеткен нəрселерден сақтардың о дүние туралы сенімдерінің Мысыр, Грек уə Иран инаныштарының араласқан формасы екендігін байқаймыз; мысалы, табыттың бетін жапқан жаулықтағы қораз суреті отқа құлдықтың белгісі. Қораз (əтеш), Авестада, яғни, зоороастризмде ұйқыны қуатын періні тəмсіл етеді. №5 қорғанның қабырғасындағы түскиіздегі суретте гректің ажал тəңірісі Артемис пен оның атты адам кейпінде бейнеленген қызметшісі Мегабизес көрінеді . Ол көне үйсіндерді түркі тілді, бірақ мұңғолтекті халық дейді. Кейбір ғалымдар оларды Шығыс Иран халықтарына жатқызады. Ғалым А. Н. Бернштам эрадан бұрынғы қаңлыларды түрiк тiлдi деп болжайды. Ал, көпшiлiк зерттеушiлер қаңлыларды солтүстiк Иран халықтарына жатқызады да олар эрадан кейінгі V ғасыр шамасында Сейхұнның (Сырдария) аржағындағы түрiк тiлдi тайпалардың əсерiне ұшыраған деген пікірді жақтайды. Қаңлыларды иран тілді халықтарға жатқызған Б. А. Литвинскийдің пiкiрiнше, қаңлылар жəне олармен туысқан сармат тайпаларының ыдыстарында қой бейнесiнiң жиi кездесуi тiкелей зоороастризмге байланысты, өйткенi, қой отқақұлдықта тəңiрдiң нəрселенген (инкарнация, мүжəссəм) халi едi  VII-VIII ғасырларда Жетiсу өңiрiн иран халықтарына жататын соғ ды лар да қоныстанған. Соғдылар доликосефальдық Ақ теңiз (Жерорта теңізі) нəсiлi едi. Олар мəдениет, өнер һəм тiл жағынан Иранның əсерiнде болды Исламият қарсаңындағы Жетiсу өңiрiнің тұрғындарының басым көпшілігі соғдылар едi. Түрiк қағанатында Иран мəдениетiн таратқан осы соғдылықтар. Өйткенi, соғдылардан өнерлi һəм iсмер адамдар көбiрек шығатұғын. Олардың жан-жаққа жайылуымен қоса отқа құлдық, маздеизм (маздакизм - Ахура Маздахқа табыну), бұддашылық дiндері де таралушы еді. Түрiктерге отты сыйлау, отқа сиыну əдеттерiн тап осы соғдылықтар үйреткен. Ежелгі Иран жерінде пайда болған отқа құлдықтың жоралғылары бара-бара түріктерге сіңіп кетеді. Қыпшақ тайпалар одағына түркі тілді қимақ, құман, башқұрт, оғыз тайпаларымен қатар иран тілді халықтар да кірді. “Дештi қыпшақ”, яғни “қыпшақ даласы” атауы осыдан шыққан. «Қазақстан тарихы» атты кітапта: “Қарлұқтардың қол астындағы халықтар этникалық жағынан біртектес болмаған, олардың ішінде иран тілді соғдылар, Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдерінен ауған келімсектер бар-тұғын” деп жазылған. Осы ең негiзгi дiни сөздердiң, яғни қазақшада һəм күллі түркi тiлдерiнде бiрдей қалыптасқан дiни терминологияның барлығы да парсы сөздерi. Ал, діни ұғымдардың парсы тiлiнде болатын себебi: Исламнан бұрын Орталық Азияда кең таралған, үгіт-

насихаттарында парсышаның диалектілері мен басқа да үнді-еуропалық тілдерді (мəселен, санскритше, соғдыша т. т.) қолданған отқа құлдық, бұддашылық, мани хей шілік, маздакшылық пен несториандық сықылды нанымдарда аталған ұғымдардың кезігуі. Екіншіден: түрiк халықтарын, оның iшiнде қазақ халқын құраған қауымдардың құрамында иран тектi һəм иран тiлдi халықтардың аса маңызды орын алуы. Мүмкiн, сондықтан шығар бүгiнгi тiлiмiзде парсышадан енген сөздердiң айтарлықтай мөлшерде орын алуы. Өзбектер тарапы- нан құрылған 3 хандықтан Бұхара хандығында iс жүргiзу жəне əдебиет тiлi əрқашанда парсы тiлi болған; Хиуа хандығының ресми тiлі Орта Азиялық түрiк тiлi; Қоқанда (Хоқанд) болса iшiнара түрікше едi. Осман патшалығында ресми тiл түрiкше болғанымен сөздiк қорының басым көпшiлiгi араб-парсы сөздерi едi, сондықтан кейбiр мəтiндер қарапайым халыққа онша түсiнiктi емес-тi. Зəрдүшт нанымынан келе жатқан наурыз мерекесі аталмыш өңірде Исламнан кейін де жалғасты, бірақ, мұсылмандық көрініс алды”. Мінеки, М. Ж. Бұлұтай, қазақты құраған ғана емес, мұқым түрік тайпаларын құраған жұрттың ішінде иран тілділердің қаншалық болғаны мен қаншалық ықпал еткенін жетерлік-ақ айтты. Сіз, оның сөздеріндегі еуроцентризмнің шалығы сықылды көрінетін тұстарына тым елеңдемей, ирандық ықпалдың күшті болғаны мен иран тілділердің түріктерге қаншалық араласқанына баса мəн бергейсіз. Сонда менің “талай мəселе түп-түсінікті болмақ” деген жағыма таяй түсесіз.

 Сұлтан Жанболат, "Ежелгі ұлыс тарихы"

Бөлісу: