Иранда жер сілкінді

27 Қараша 2023, 01:09 1663

Еуропа-Жер Орта теңізі сейсмология орталығы Иранның оңтүстігінде жер сілкінісі орын алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТАСС таратқан ақпаратқа сәйкес, зілзаланың магнитудасы 4,5 балды құраған.

Жер сілкінісінің ошағы 352 мың тұрғыны бар Бендер-Аббас қаласынан солтүстік-батысқа қарай 54 шақырым жерде орналасқан. Зілзаланың ошағы – 10 шақырым тереңдікте болған, - делінген хабарламада.

Әзірге зардап шеккен адамдар мен бүлінген ғимараттар туралы ақпарат жоқ.

Берік Арманов
Бөлісу: