Иранда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді

5 Шілде, 09:39 431

Бүгін Иранда президенттік сайлаудың екінші туры өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент тағына екі саясаткер таласуда.

Біріншісі - Батыс Әзербайжан провинциясының тумасы 69 жастағы Масуд Пезешкиян. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі реформаларымен танымал. Шетелден инвестиция тартуды, Батыспен диалог орнатуды көздейді.

Иран көшбасшысының Ұлттық қауіпсіздіктің жоғары кеңесіндегі өкілі - 58 жастағы консерватор Саид Джалили.

ЕАЭО елдерімен еркін сауда аймағын, Ресей және Қытаймен стратегиялық серіктестікті нығайтуды көздейді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: