Иранда Маңғыстау облысының мәслихаты мен Сари қаласының әкімшілігі арасында меморандумға қол қойылды

6 Ақпан, 08:30 552

Ирандағы жұмыс сапары аясында Маңғыстау облысының мәслихаты мен Мазендеран провинциясының орталығы Сари қаласының әкімшілігі денсаулық сақтау, мәдениет, кәсіпкерлік, туризм, экономика, сауда салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту туралы екіжақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Сари қаласы тарапынан құжатқа қала мэрі Мохаммад Хосейн Кабади мен Мен Маңғыстау облысы тарапынан облыс мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаев қол қойды.

Тау, ормандар мен теңізге жақын орналасуына байланысты Мазендеран провинциясының ориалығы Сари қаласының инвестициялық мүмкіндігі жоғары. Сари мен Ақтау даму жағынан өте ұқсас, екеуі де портты қала. Маңғыстау облысы делегациясының сапары мен екіжақты кездесулер екі өңір арасындағы қарым-қатынастың нығаюына серпін береді. Сіздердің сапарларыңыз Ирандағы Ислам революциясы Жеңісінің мерейтойына сәйкес келді. Осының арқасында еліміздің аумағында шетелдік инвестициялау үшін мүмкіндіктер ашылды деген ойдамын. Сари қаласының көрікті жерлері мен тарихи орындары маңғыстаулықтарға ұмытылмас әсер қалдырады деп үміттенемін, - деп атап өтті Сари қаласының мэрі Мұхаммед Хосейн Кабади.

Кездесу барысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қанат Құлжанов Сари қаласы әкімшілігінің өкілдерін Маңғыстаудың мүмкіндіктері мен әлеуметтік-экономикалық әлеуетімен таныстырды, ал өңірлік мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысы жайында әңгімеледі.

Сари қаласы – Мазендеран провинциясының орталығы, ол Каспийдің оңтүстігіндегі Альборз тауының жотасы етегінде теңіз деңгейінен 42 метр биіктікте орналасқан. Мұнда діни және тарихи орындар, таулар, ормандар, жазықтар және теңіз порттары сияқты әртүрлі табиғи көрікті жерлер бар. Қала экономикасы ауыл шаруашылығы мен азық-түлікке тәуелді. Сари қаласы уылдырық сияқты теңіз өнімдерін өндіру бойынша Иранның барлық аймағы мен көршілес елдер арасында ең жоғары деңгейде. Сариде туризм, ағаш өңдеу және қағаз өнеркәсібі, ағаштан жасалған қолөнер бұйымдары  мен керамика өндірісі дамыған.

Перизат Саденова
Бөлісу: