Иранда хиджаб киюден бас тартқан әртістерді «қара» тізімге енгізді

27 Қазан 2023, 10:22 1805

Иранда хиджаб киюден бас тартуына байланысты киноға түсуге тыйым салынған актрисалардың ресми тізімі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай мәлімдемені Иран кинематографиясын кәсіби бағалау және қадағалау бас басқармасы жасады. 

Тыйым міндетті хиджабсыз актрисалардың қатысуымен түсірілген фильмдерге әсер етпейді, өйткені ақша жұмсалып қойған. Бірақ оларға жаңа киножобаларға түсуге тыйым салынады.

Шектеулерге байланысты бұл актрисалар енді кинодағы мансабын жалғастыра алмайды. Бұл жобаларға қомақты қаржы құйылғанын ескере отырып, кинопродюсерлердің мүдделерін құрметтеу мақсатында олардың бұрынғы жұмыстары кезең-кезеңімен шығарылатын болады. Бірақ оларға алдағы фильмдерге түсуге тыйым салынады, - деді Иран киносын кәсіби бағалау және қадағалау бас басқармасының ресми өкілі Хабиб Ил Беги.

Тізімде Баран Косари, Вишка Асайеш, Таране Алидусти, Катаюн Риахи, Пантеа Бахрам, Хенгаме Газиани, Пега Ахангарани сияқты танымал актрисалар бар.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: