Иран қазақтарының тұрмыс-тіршілігі

25 Тамыз 2014, 11:35

Иран қазақтарының тұрмыс-тіршілігі

1999 жылы Мұхаммед Қажы Батырұлының «Абай – қазақтың ұлы ақыны» атты шағын кітапшасы «Мəхтумқұлы пырағы» баспасынан парсы тілінде жарық көрді. Мұхаммед Қажының мамандығы заңгер, бірақ, оны əдебиет майталманы деп айтуға болады. Қазіргі кезде ғылымның сан-саласында қазақтың ұл-қыздары əжептеуір жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Келешекте Иран қазақтарын биік белестер күтіп тұр. Тек қана жүректерінде қазаққа деген махаббатының жалыны төмендемесе сан-саладағы білімдері елімізге нұр үстіне нұр болып шашылары анық.

Түйіндеп айтқанда Иран қазақтарының қазақы болмысынан айырылмайтындай бірнеше себебі бар. Біріншісі – Иранда қалғандарының барлығының елге оралған жақын ағайын, жегжаттары бар. Екіншіден –Маңғыстау қазақтары ұлттық дəстүрді жақсы ұстаған, ағайын əрі бауырмал жандар болып табылады. Үшіншіден – Иран қазақтары өз еркімен қалаған уақытта ата мекеніне оралуға екі елдің басшыларының келісімі бар. Төртіншіден – ұлттық құндылықтардан кенде болса да басым көпшілігі жоғары білімі немесе арнайы теориялық яки пратикалық техникалық сауаты бар мамандық иелері. Қазақ үкіметі оларды көшіру жəне орналастыру жүйесін тауып, механизмін жасауға дұрыс ниет танытса көштің көптеген қолдан жасалған кедергілері жойылар еді.

Иран қазақтарының тұрмыс-тіршілігі жайында Қазақ ғалымдары да қалам тартқан. Олардың қатарында Мырзатай Жолдасбеков «Ел тағдыры, ер тағдыры» атты еңбек жазып шығарды. Сондай-ақ Иран қазақтары туралы «Қазақтар қаңбақ емес көше берер» атты мақаласы «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрді.. Онда профессор Мырзатай Жолдасбеков Қазақстанның Тегерандағы елшілігінің ашылуымен сондағы қазақ бауырларының ішкі сағыныш пен аңсарын бір-бірімен ұштастыра тамаша суреттеген. Ол: «Мына бір арпалысып ес шыққан заманда елдегі ағайындар үшін Тегеранда елшіліктің ашылуы, бəлки пəлендей бір елеулі оқиға бола қоймас, ал мұндағы қазақтардың қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес, оны тек көзімен көргендер ғана сезіне алар еді. Сондықтан да кейбір ықыласты, қошаметті, сөздерді бауырларымыздың сондай қуанышынан туған деп түсінген жөн» – деп терең ой мен саналы түсінік танытады.

Иран қазақтары туралы зерттеу мақсатында Иран еліне арнайы барған əйгілі қазақ ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кəкішұлының да «Қазақ əдебиеті» газетінде «Көш қонысты болсын десек» атты сапарнамасы жарық көрді.

 Ислам Жеменей "Иран және иран қазақтары"

Бөлісу: