16 Қазан 2014, 07:02
Иран қазақтары барша мұсылман қауымы тəрізді Наурыз мейрамын ұлттық мереке ретінде тойласа, құрбан айт пен ораза айтты діни мейрам деп біледі. Қазақи салтты бұрынғыдан əрі күшейтпесе, əлсіретпей жалғастырып келеді. Мəселен, азан айтып ат қою, кіндік шеше рəсімін жасау, шілдехана өткізу, тұсау кесу, құда түсіп қыз айт- тыру, қалыңмал беру, құдаға ұн себу, ақ қалта, ала қалта тасу, қыз ұзату, күйеу той, неке қию, келін түсіру тойы, жеңгейлердің жаңа жұбайларға қол ұстатар түні рəсімін жасау, жасау беру, беташар, келіннің қолынан шəй ішу, көрімдік беру, т.с.с. тізіліп жатқан рəсімдерді атап айтуға болады.
Есін жиған елдің зиялылары газет-журнал, кітап оқуға ден қойып, ата-бабадан естіген əр қилы əңгімелерін енді карталардан, кинолардан, көріп қоймай, ата-мекенге барып көру, тіпті ата-мекенге оралу деген ойлар əңгімелеріне тиек болып жүрді. Елге оралмас бұрын қиялымызда жүрген қазақтың кең даласын алғаш кинодан көрдік. Оның бірі «Қыз-Жібек», екіншісі «Транссібір экспресі» фильмі еді. Төлеген ат үстінде келе жатып айтатын «Ақ Жайық» əні біздің сағынышымызды одан əрі үдете түсті . Ал «Транссібірдің» соңғы көрінісінде кейіпкер Чекист Шадияровтың (артист Асанəлі Əшімов) отбасымен кең далаға бет алуы ғажап сахна еді. Сол жылдан бастап Сағыныш əндері жырлана бастады.
Қазақ қай жерде жүрсе де ата мекенге деген сағынышы толастамай, қайта арта түседі. Бұл жағдай барлық қазақтар үшін ортақ күй екені де мəлім. Бастапқы кезде жергілікті тұрғындармен тіл табысып кету кімге де болса қиын соғары анық. Əсіресе, жаңа мекеннің тұрғындарының салт-дəстүрін, дінін, тілін бірден меңгеріп кету үшін бірнеше жылдаған уақыт керек. Уақыт өте келе олардың тілін меңгерулеріне тура келеді. Мұндай жағдайда шетте жүрген əрбір қазақ, шерменде күй кешіп, қилы-қилы заманды басынан өткізіп жүрулеріне тура келді.
Заманның əр қилы қиындықтарына тап болып жүрсе де күнделікті тіршілік қамын ойластырып, ақылдаса отырып, болашақ өмірлеріне жол ашып, артта өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақтарын əр сəтте төніп тұратын қауіп-қатерлерден сақтап, Тəңірге күніне мың қайтара сыйына отырып, қол жеткізді.
Ұрпақтарының ұлттық болмысын сақтап қалуға «Ақсақалдық» дəстүр əжептəуір көмектесті. Қазақтар арасындағы түрлі дау-думай əрі қазақ пен өзге ұлт өкілдері арасында орын алған төбелестер көбінесе Ақсақалдардың пəтуасымен аяқталатын еді. Қазіргі кезде қоғамдық істерге араласып жүрген ақсақалдардың да қатары сирей түскен. Соңғылары да бұл өмірмен қоштасты. : Нұрымшат Кенжеқара (1909-1994ж), Ақмұрат Рақбайұлы (1923-2004), Өтеміс Құнанорыс (1921-2007), Шарғи Көрпе (1921-2007) қажылар. Иран қазақтары арасынан егін шаруашылықпен айналысқан санаулы адамдар болды. Олардың қатарында көш бастаған Рақбай Екібайұлы, Ақмұрат Рақбайұлы, Қажы Ерқасым, Қажы Нұрқожа мен бауырлары, Қажы Ескендір, Шуақ қажы сияқтыларды атауға болады. Олар əлеуметтік- экономикалық тұрғыдан Иран қоғамында ауқатты орта буынөкілдері болып саналатын. Қоғамда да əжептəуір абырой, беделге ие болған жандар. Сондықтан Иран қазақтары көптің қатарында құрылыс, техникалық мамандықтарынан ажырап пайдалана алмай жеңіл-желпі сауда-саттыққа бет бұрды. Əйелдері де амалсыздан біршама мұндай алып-сату саудасына үйренісе жүріп үйір болды.