ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин бұл күннің Иран үшін де, Ұйым үшін де маңызды екенін айтты.
Иранның мүше елдер қатарына қосылуы Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымын күшейте түседі, – деді ол.
Иран 2005 жылы ШЫҰ-ның бақылаушы мемлекеті атанды. Елдің Ұйымға толық мүшелікке өту процесі 2021 жылы басталды. Меморандумда қаралған барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін Иран Ислам Республикасы ШЫҰ-ның толық мүшесі болады.
Айта кетсек, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммиті 15-16 қыркүйекте Самарқанда өтеді.
ШЫҰ мүше мемлекеттері – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан, Үндістан және Иран болып табылады.
ШЫҰ жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие мемлекеттер – Ауғанстан, Беларусь, Моңғолия.
ШЫҰ диалог бойынша серіктес мәртебесіне ие мемлекеттер – Әзірбайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Шри-Ланка, Түркия.
Ташкенттегі саммитте диалогі бойынша серіктес мәртебесін Египет Араб Республикасы мен Катар мемлекетіне беру туралы меморандумдарға қол қойылды.