Иран президентінің тікұшағы апатқа ұшырады

19 Мамыр, 19:47 620

Иран президенті мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Тегераннан шамамен 600 шақырым жердегі Шығыс Әзірбайжан провинциясында болды. Тікұшақ Әзербайжанмен шекаралас Верзеган қаласы маңына апатты жағдайда қонған.

Бортта Иран президенті Ибрахим Раиси, Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан және басқа да ресми тұлғалар болған.

Оқиға орнына жедел құтқару топтары жіберілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Перизат Саденова
Бөлісу: