Иран Президенті АӨСШК саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

12 Қазан 2022, 23:21 877

Елорда әуежайында оны ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды El.kz.

Елорда әуежайында оны ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

АӨСШК саммиті Астанада 12-13 қазанда өтеді. Бұл пандемиядан кейінгі кезеңдегі аймақтағы ең ауқымды саяси оқиғалардың бірі болады деп күтілуде. Іс-шараға Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан басшылары, Вьетнам вице-президенті және ҚХР Төрағасының орынбасары қатысады. 

Саммитке АӨСШК-нің бақылаушы мемлекеті болып табылатын Беларусь президенті де қатысады.

Бөлісу: