Иран БҰҰ Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиядан шығарылды

15 Желтоқсан 2022, 12:16 1571

29 мемлекет ұсынысты қолдап дауыс берді

БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесі Иранды 2026 жылға дейін Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиядан шығару үшін дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

29 мемлекет ұсынысты қолдап дауыс берсе, 16 ел дауыс беруден қалыс қалды. Боливия, Зимбабве, Қазақстан, Қытай, Нигерия, Никарагуа, Оман және Ресей қарсы екенін білдірді. Дауыс беру АҚШ бастамасымен жүргізілді. Бұл ұсынысты Иран сынға алып, заңсыз және бұған дейін болмаған деп атады.

БҰҰ Тегеранды әйелдер құқығын, соның ішінде өз пікірін білдіру құқығын бұзды және үкіметке қарсы наразылықтарды қатыгездікпен басып жатыр деп айыптады.

Олар қыркүйектің ортасында хиджабты дұрыс тақпағаны үшін тұтқындалған Махсы Аминидің өлімінен кейін басталды. Кейін акция бүкіл елде өтті.
Бірнеше ҮЕҰ мәліметінше, наразылық акциясын басу нәтижесінде 400 адам қаза тауып, 2000-ға жуығы тұтқындалды. Иран билігі 11 адамды өлім жазасына кесті.

EL.KZ
Бөлісу: