Иран билігі 4 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

4 Қаңтар, 01:28 1162

Керман қаласындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 100-ден асты. Иран Ислам Республикасының билігі 4 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні етіп жариялады, деп хабарлайды El.kz ИРНА-ға сілтеме жасап.

Иран билігі лаңкестік әрекетті қатаң айыптап, жарылыстан қаза тапқандардың туыстарына қайғыра көңіл айтты.

Оқи отырыңыз:

Еске салсақ, 3 қаңтарда кешкі уақытта Керман қаласындағы бейітке барар жолда жойқын жарылыс болды. Алғашқы жарылыс Кассем Сулеймани жерленген бейіттен 700 метр жерде, ал екіншісі  қажылар жолы мен бақылау қақпасының сыртында, мазараттан 1 шақырым жерде орын алған. Алғашында жойқын жарылыстан 73 адам мерт болғаны хабарланды. Соңғы мәліметке сүйенсек, қаза болғандар саны 103-ке жеткен.

Перизат Саденова
Бөлісу: