iPhone 7-нің құласа сынбайтын концептісі

7 Желтоқсан 2015, 10:48

Дизайнер iPhone құрылғысын құлаған кезде сынып қалудан сақтаудың жолын іздеп, оның өзіндік шешімін ұсынған.

Концептуалдық тұрғыда iPhone құрылғысының жаңа модельдерін және iOS операциялық жүйесінің жаңа нұсқаларын жасау әлем дизайнерлерінің кең тараған ермегі және «көрмегенді көрген» көрермен мен тұтынушы қауымды таңғалдыру барған сайын қиындап барады. Алайда Sonitdac дизайнері өз мақсатына жеткен көрінеді: оның жасаған концептісі әлі болмаған шешімді көрсетті.

Дизайнер iPhone құрылғысын құлаған кезде сынып қалудан сақтаудың жолын іздеп, оның өзіндік шешімін ұсынған.

Parachute System  деп аталатын жүйе келесі ретпен жұмыс істейді: кіріктірілген акселерометр мен гироскоп  арқылы құрылғы еркін құлап бара жатқанын анықтап, соқтығысуға дайындалады. Бұл кезде смартфонның әртүрлі жағына орнатылған клапандар мен форсункалар механизмі іске қосылып, телефоннан көмірқышқыл газы ағыны шығады. Бұл iPhone құрылғысына еденге немесе қабырғаға үлкен жылдамдықпен ұрылмауына әсер етеді.

iPhone көмірқышқыл газын қайдан алады деген заңды сауал туындауы мүмкін? Дизайнерлердің жауабы: смартфонның корпусында арнайы бактар орнатылады. Әрбір құлаған соң оны газ баллоншасынан толтырып отыру қажет.

 


Дәурен Омаров

Бөлісу: