Иорданиядағы әлем чемпионатында Қазақстан балуанды жеңімпаз атанды

20 Тамыз 2023, 02:23 892

Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен Исхар Курбаев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі 

55 келі салмақта отандасымыз финалдық сында әзербайжандық Фарид Садихлимен белдесті. Кездесу барысында жинақы қимыл көрсетіп, нәтижесінде қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсіп, әлем чемпионатының алтынына қол жеткізді.

Исхар алғашқы белдесуінде түрік Эмре Мутлудан, одан кейін түркімен Абдували Рахимбаевтан басым түссе, жартылай финалда қырғыз Нуристон Суйоркуловты ойсырата ұтты. 

Бұған дейін Аммандағы турнирде грек-рим күресінен Дінислам Сағитжан (63 келі) қола, ал еркін күрестен Ризабек Айтмұхан күмісті місе тұтты. 

 

Перизат Саденова
Бөлісу: