19 Қараша 2014, 14:29
Жарық көргеніне бір ай толып үлгермеген «Интерстеллар» фильмі кино әлемін дүр сілкіндіріп, киносүйер қауымның негізгі тақырыбына айналды. Аталмыш фильмдегі идеялар, әке мен бала арасындағы диалогтар, ғарыш кеңістігіндегі оқиғалар – осының бәрі бүгінде үлкен дисскуссияға айналуда. Әсіресе, фильмнің ғылыми жағы көп талқылануда. Осыған орай, фильмді түсінуге көмектесетін 4 ТЕД лекциясын ұсынамыз.
Ескерту: лекциялар ағылшын тілінде, бірақ сіз субтитр арқылы орысша аудармасын көре аласыз
Уақыттың баялауы (Time Dilation)
Гаргантюа жанындағы бетін су басқан планетадағы 1 сағат неліктен Жердегі 7 жылға тең? Қалайша Мерф әкесінен ерте қартайып кетті?
5 өлшемді орта
Бес өлшемді орта дегеніміз не? Оны жасау қаншалықты мүмкін?
Ескерту: бұл лекция 4 өлшемді ортаға арналған, бірақ фильмде көрсетілген 5 өлшемді ортаны түсінуге көмектеседі.
Қара құрдым және гравитация
Гаргантюа деп аталатын қара құрдымның құпиясы неде? Уақыт пен гравитация не себепті өзара тәуелді?
Үлкен толқындар
Фильмде Гаргантюа жанындағы планетада өте үлкен толқынды байқаймыз. Бәлкім бұл Қара құрдымның гравитациясынан болар?! Дегенмен, осыншама үлкен толқынды не тудырады?
«Интерстеллар» туралы қысқа ақпарат
Режиссері: Кристофер Нолан
Басты рөлдерде: Мэттью Макконахи, Энн Хэтэуей, Дэвид Гяси, Уэс Бентли, Билл Ирвин, Джош Стюарт, Мэт Дэймон.
Жанры: ғылыми-фантастикалық драма
Интерстеллар (ағылшын тілінен аударғанда «жұлдызаралық» деген мағына береді) – режиссер Кристофер Ноланның ғылыми-фантастикалық фильмі. Фильм кеңістіктік-уақыт тоннелі арқылы өтіп, үлкен қашықтыққа алып баратын саяхаты туралы. Сценарий физик-теоретик Кип Торнның ғылыми еңбектері негізінде жазылған және оның авторы – Кристофер Ноланның інісі Джонатон Нолан. Джонатон осыған дейін «Бэтмен», «Престиж» фильмдерінің сценарийлерімен жұмыс істеп үлгерген.
Сюжет
Бірнеше онжылдықтан соң атмосферадағы азот үлесі тез өсіп кетіп, қоршаған орта үлкен қарқынмен өзгере бастайды. Мұның соңы адамзаттың жойылуына әкелуі мүмкін. Осы сәтте НАСА-ның бұрынғы ұшқышы Купер есімді фермер егін егумен айналысып, құмды дауылдың зардабын тартып жүреді. Оның қызы Мерф бөлмесіне белгісі тылсым күш иесі бар екенін айта беретін болады. Купер, қызын мұқият тыңдап, шынымен тылсым күш бар екеніне көз жеткізеді. Осы тылсым күшті бақылай отырып, ол белгісіз бір объектінің мекен-жайын тауып алады. Мекен-жай бойынша барған кезде Купер НАСА бөлімшесіне тап болады.
НАСА бөлімшесіндегі зертхана жетекшісі Бренд пен оның қызметкерлері бірнеше жыл бұрын Сатурн орбитасынан қара қуыс бар екенін анықтайды. Бұл қара нүкте арқылы өзге галактикаға жетуге болатыны белгілі болады. Профессордің ойынша, осы қуыс арқылы адамзат үшін таңғаларлық ғылыми ашылуларға қол жеткізуге болады. Профессор Куперді осы сапарға аттануға көндіреді. Купер бұл ұсыныс келісім беруге мәжбүр болады, себебі мәселе адамзаттың аман қалуында болды. Купер және оның командасы ұшу барысында нешетүрлі оқиғаларға тап болады.
Дәурен Омаров