Интернеті жоқ елді мекендерде цифрлық даму мәселесі қалай шешіледі

27 Қыркүйек 2023, 11:42 1184

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне еліміздегі интернеті жоқ елді мекендердегі цифрлық даму мәселесі қалай шешілетіні жөнінде сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісте депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

Заң жобасында жеке бастың қағаз көшірмелерін жинауға тыйым саласыздар. Сондай-ақ мұндай талап бұл ретте барлық салалық заңдардан алып тасталады. Алайда біз еліміздің елді мекендерінде, әсіресе ауылдық жерлерде әлі күнге дейін интернеттің жоқтығын білеміз. Тұрғындардың ұялы телефонмен пайдаланбайтынын білеміз және электронды құжат айналымына әлі көшпегенін де білеміз. Бұл жағдайда байланыстың жоқтығын қалай шешеміз. Бұл цифрлық теңсіздіктің өсуінің тағы бір факторы болмай ма деген сұрақ туындайды, - деп сауал қойды.

Бұл сауалға цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков жауап берді.

Біріншіден, осы ұсынылған нормалардың негізінде, интернет болмаған жағдайда, арнайы ерекшеліктер қарастырылған. Бірақ біздің ойымызша, куәліктің көшірмелерін жинаудың өзін қажетсіз деп санаймыз. Себебі жеке куәлік берілетін кезде керекті ақпаратты осы куәліктен алуға болады, көшірмесін қалдырмай.

Екіншіден, интернет мәселесі бойынша шынында да қазіргі таңда Қазақстанда 1432 ауыл мен елді мекенде мобильді интернетсіз қалды. Олардың ішінде 504 ауылда спутник жүйесі арқылы 2023-2024 жылдардың аралығында қосылатын болады. Ал қалған 928 ауылда 2024-2025 жылдар аралығында «волс» технологиялар арқылы қосылатын болады, - деді Олжабеков.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов ендігі таңда қазақстандықтардың жеке құжаттардың көшірмесін жасауға тыйым салынатыны жөнінде айтқан болатын.

Миражан Махан
Бөлісу: