Интернет-алаяқтық немесе балалар қауіпсіздігі: ІІМ ерекше назар аударған мәселелер

31 Тамыз 2023, 16:00 1864

Ішкі істер министрлігінің назарында қоғамды алаңдататын мәселелер үнемі назарда болады дейді мамандар. Мәселен, интернеттің дамыған кезеңінде алаяқтардың арбауына түсіп жатқандар аз емес. Сондай-ақ оқу жылы жақындағанда балалардың қауіпсіздігі де ерекше алаңдадатын өзекті мәселеге айналып отыр. Осы салаға құзырлы мамандар атқапралып жатқан іс-шаралар жайлы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Интернет-алаяқтықтан қорғанудың жолдары

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев интернет-алаяқтардың құрбандары мен олардан қорғанудың жолдарын айтып берді.

Бүгінде интернетсіз өмірді елестету мүмкін емес. Онлайн қызметтер өмірдің барлық салаларында кеңінен қолданысқа енді. Өкінішке қарай, мұны қылмыскерлер де белсенді қолданады, әсіресе интернет-алаяқтығын жасауға пайдаланады.Жыл басынан бері елімізде осындай 12 мыңнан астам қылмыс тіркелді. Оларды ашудың күрделілігі трансшекаралық сипатқа байланысты. Халықты алда, ақшасын қағып жүрген алаяқтар көбіне елдің басқа аймағында немесе шетелде болады.Осыған байланысты, аталған қылмыс түрлерінің алдын алу және ашу үшін биыл 16-18 тамыз аралығында республика аумағында «Hi-tech» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Жедел алдын алу шарасының үшінші күнінде 200 қылмыс тіркелді. Сондай-ақ бұрын жасалған 339 алаяқтық анықталды, - деді Дүйсетаев.

Оның айтуынша, алаяқтық көбінесе тауарлар сату немесе интернет-алаңдарда сауда қызметтерін көрсету туралы хабарландыру арқылы жасалады.

Осындай тәсілмен тіркелген интернет-алаяқтықтардың жартысы жасалды. Әдетте, алаяқтар құрбандарына арзан баға ұсынады немесе тауарды тез жеткіземіз деп алдайды. Сатып алушылардан ішінара немесе толық алдын-ала төлемді әдетте үшінші тарап шоттарына салуды сұрайды.Мәселен, Алматы қаласында «Instagram» әлеуметтік желісінде «Iphone» маркалы телефондарды сату туралы хабарландырулар орналастырған 2 алаяқ ұсталды.Аталған күдіктілер алаяқтықтың 30 фактісін жасау барысында әшкереленді, жалпы шығын 15 миллион теңгеден асты, - деді ол.

Дүйсетаевтың айтуынша, «Банк өкілімін» деп азаматтарға қоңырау шалып, клиенттің карточкасымен күдікті операциялар жасатып, көлемді ақша жымқыратын алаяқтық түрі жиі кездеседі.

Осындай тәсілмен барлық тіркелген интернет-алаяқтықтардың 14,2% - ы жасалды.Операцияны бұғаттау үшін картадағы мәліметтерді және оның артындағы үш таңбалы кодты нақтылау ұсынылады. Әрі қарай, алынған мәліметтердің көмегімен Интернет-банкинг қосылып, шоттардағы ақшаны ұрлайды. Немесе алаяқтар ақшаның сақталуын қамтамасыз ету үшін оларды өздеріне тиесілі резервтік сақтандыру шотына аударуды ұсынады.Мәселен, Ақмола облысының полиция департаментінің қызметкерлері Ресей Федерациясының азаматын ұстады, ол банк қызметкерлерінің атынан алаяқтық жасаған кезде азаматтардан ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектескен.Аталған күдіктінің 25 қылмыс жасағаны әшкереленді, жалпы шығын 100 миллион теңгеден асады,- деді Рүстем Дүйсетаев.

Маман Рүстем Дүйсетаевтың айтуынша, интернет желісінде алаяқтар ірі компаниялардың бухгалтерлерінің компьютерлеріне қол жеткізу үшін хакерлік бағдарламаларды жиі қолданады.

Мысалы, Қарағанды қаласында ірі ұйымның банктік шотынан 60 миллион теңге ұрлауға қатысы бар облыстың 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Ұрлық жасау үшін қауіпті бағдарлама қолданылған. Оның қатысушыларын, сондай-ақ олар жасаған басқа да қылмыстарды анықтау шаралары қабылданды, - деді ол.

Қарапайым қауіпсіздік шараларына тоқталып, азаматтарға бірқатар қарапайым ұсыныстар бар.

Олар:

- жеке деректеріңізді, банк карталарының деректемелерін ешкімге бермеңіз, аударымдар туралы түбіртектерді, әсіресе кодтар мен кодтық сөздерді, тіпті банк қызметкерлері, полиция және т. б. өкілді адамдарға бермеңіз.

- белгісіз біреуге жеке деректеріңізді бермеңіз, тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге сенбеңіз. Тексерусіз алдын ала төлем жасамаңыз. Тауарды алғаннан кейін төлем туралы келіссөздер жүргізуге тырысыңыз.

- күмәнді мәмілелер бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз, айқын қаржылық көзі жоқ қаржылық схемалардан сақ болыңыз.

- Мобильді қосымшаларды орнату үшін тек App Store (App store)ресми көздерін пайдаланыңыз,

Play Market (Play market) және т. б.

- бейтаныс адамдардың өтініші бойынша қолданбаларды орнатпаңыз, олар оны телефондағы мәліметтеріңізге қол жеткізу үшін пайдалануы мүмкін.

-белгісіз пайдаланушылардан хаттар мен СПАМ-хабарламаларды, сондай-ақ төлем жасау үшін жіберілген сілтемелерді ашпаңыз.

Есіңізде болсын, бұл үшін сілтемелерді пайдаланудың қажеті жоқ, 16 таңбалы карта нөмірін немесе әмиян нөмірін білу жеткілікті. Аударманы жүзеге асыру үшін үш таңбалы код, құпия сөз, ЖСН және басқа деректер қажет емес.

- банкинг қызметтеріне кіру парольдерін үнемі өзгертуге тырысыңыз, 3D қорғанысын және банктер ұсынатын басқа қауіпсіздік шараларын қолданыңыз.

- шоттарыңыздағы ақшаның бар-жоғын және қозғалысын жиі тексеріңіз.

Мұндай шаралар алаяқтықтан аулақ болуға және ақшаңызды сақтауға көмектеседі.

 

Балалар  қауіпсіздігінің сақталуы

Өз кезегінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова балалардың қауіпсіздігі әрдайым ішкі істер органдарының бақылауында екенін айтты.

Жыл сайын жұртшылықпен жүргізілетін түсіндірме жұмыстарына қарамастан, біз балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ескі проблемалармен бетпе-бет келуді жалғастырамыз. Бұл жол-көлік оқиғалары.Айта кету керек, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының 9% - ға және зардап шеккен балалардың саны 15% - ға төмендеген, бірақ жол-көлік оқиғасында қаза болған балалардың саны 38% - ға өсті. Зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушылар болып келеді. Қалған жартысы жаяу жүргіншілер санатында.Көп жағдайда зардап шеккен балаларды ересектер автокөлікте тасымалдау ережелерін бұза отырып, яғни балаларды ұстайтын құрылғыларсыз немесе бекітілмеген күйде тасымалдайды, - деді Боранова.

Оның айтуынша,  балаларға қауіпсіздік шараларын бағалауды үйренуге және қиын өмірлік жағдайларда сенімді болуға көмектесуіміз керек.

Жолдағы мінез-құлықты көбінесе бала ата-анасының мінез-құлық үлгісінен көшіреді, сондықтан егер ата-аналар жол қауіпсіздігі қағидалары туралы сөйлесіп қана қоймай, оларды өздері орындаса, бұл мінез-құлық бала үшін нормаға айналады.Сонымен қатар жаяу жүргіншілердің кінәсінен болған жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жүріс бөлігін белгіленбеген жерден өту, бағдаршамның тыйым салу сигналына жүрі, жақын келе жатқан көліктің алдынан шығып қалу болып табылады. Өз кезегінде ішкі істер министрлігі жолдағы балалар өлімін азайту бойынша шаралар қабылдауда. Балалардың жол-көлік жарақаттануын құқықтық ағарту, насихаттау және алдын алу бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі.  Балалардың жол-көлік жарақаттану проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару үшін түрлі профилактикалық акциялар үнемі өткізіліп тұрады, оның аясында балалардың жол-көлік жарақаттары бойынша жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдануда ("Қауіпсіз мектеп автобусы", " Абайлаңыз, балалар!", "Абайлаңыз, жаяу жүргінші!", "Ата-аналар, балалардың өмірін сақта!", "Балалар, жолда абай болыңдар!", "Сіздің жолаушыңыз-бала!", "Мектепке жол", - дейді Ақтоты Боранова.

Сондай-ақ еліміздің жолдарында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешеден бастап республика аумағында «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Ол биылғы қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.

Іс-шараны өткізу кезінде аумақтық бөлімшелер құқықтық түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізетін болады.Сонымен қатар, жаяу жүргінші – балалардың Жол жүрісі қағадаларын сақтауын және балаларды тасымалдау кезінде оларды ұстау құрылғыларын пайдалануды насихаттауға бағытталған аудио және бейнероликтер  қоғамдық орындарда, автобустарда, кинотеатрларда көрсетілетін болады.  Оқу күндерінің басталуымен іс-шара шеңберінде полиция қызметкерлері білім беру органдарымен, қозғалыстың жас инспекторларының мектеп отрядтарымен бірлесіп жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша сабақтар өткізетін болады, бұл ойын, викторина немесе ситуациялық жағдайлар түріндегі әңгімелер, жолдағы балалардың қауіпсіз мінез-құлқына бағытталған түрлі акциялар да болуы мүмкін.Айта кету керек, оқу орындарының жанындағы жол инфрақұрылымы да тұрақты негізде тексеріледі.Жол және коммуналдық қызметтердің өкілдерімен бірлесіп, жалпы білім беру мекемелеріне іргелес аумақта жаяу жүргіншілер өткелдерін қажетті жол белгілерімен, жаяу жүргіншілер қоршауларымен және жол жүрісін реттеудің басқа да техникалық құралдарымен жайластыру тұрғасына 5 мыңға жуық тексеру жүргізілді, - деді ол.

Боранова атағандай, тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті ұйымдарға кемшіліктерді жою мақсатымен 1 500-ға жуық ұйғарым берілді.

Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді тасымалдауға арналған көліктерге көп көңіл бөлінеді. Биыл біздің қызметкерлер оқу орындарына тиесілі 1 200-ге жуық осындай көлік құралын тексерді. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою туралы 200-ден астам нұсқама берілді.Бүгінгі таңда мектептердің шамамен 70%-ында жол жүрісі қауіпсіздігі сыныптары бар және жартысына жуығы автотұрақтармен жабдықталған.Сонымен қатар, балалардың жол-көлік жарақаттарының салдарын азайту мәселесінде білім беру процесі де үлкен рөл атқарады.Мәселен, білім беру ұйымдарында жүйелі негізде оқу-тәрбие жоспары шеңберінде жол жүрісі қағидаларын оқыту көзделген, - деді маман.

Айта кету керек, Қазақстанда 1-4 сыныптардағы ЖЖҚ оқу курсының мазмұнын сынып жетекшілері тек сынып сағаттары мен сабақтан тыс уақытта ғана (әр сыныпта 6 сағаттан) жүзеге асырады, 5-8 сыныптарда ЖЖҚ оқу курсы (әр сыныпта 10 сағаттан), сондай-ақ сынып сағаттары мен сабақтан тыс уақытта, ал жоғары сыныптарда – «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» пәні аясында («мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы).

Балалардың жол-көлік жарақаттануының тиісті профилактикасын қамтамасыз ету үшін біздің Минитсрліктің тарапына өткен жылдан бастап ЖЖҚ оқытуға бөлінген мектептердегі сағат санына қойылатын талаптарды құқықтық деңгейде қайта қарау және оларды жеке, міндетті пән ретінде білім беру бағдарламасына енгізуді қамтамасыз ету бойынша ұсыныс хат бірнеше рет жолданды.Сонымен қатар, балалар жол-көлік жарақаттануының алдын алудағы тиімді бағыт Қозғалысты жас инспекторлары мектеп отрядтарының қызметін ұйымдастыру болып табылады, олардың негізгі міндеттері балалар мен жасөспірімдер арасында жол жүрісі қағидаларын сақтауды насихаттау, жолдағы балалар жарақаттануының алдын алу, - дейді ол.

Боранованың айтуынша, еліміздегі қалыптасқан пандемияға байланысты іс-шаралардың көпшілігі онлайн-форматта өткізілгеніне қарамастан, мектептердің 70%-ында 51 500-ден астам баланы қамтитын отрядтары бар.

Сонымен қатар еліміздің барлық мектебі 3 күннен кейін балаларға есігін айқара ашатынына ерекше назар аударғым келеді. Бұл кезең балалар «үй-мектеп-үй» бағыты бойынша қозғалады және бұл ата-аналардың және бүкіл ересек ұрпақтың ерекше назар аударуын қажет етеді.Реттеуші және бағдаршам сигналдарының, жол белгілерінің, жол жұмыстарында қолданылатын дыбыстық және жарық сигналдарының талаптарын қатаң сақтау қажет, - деп түсіндеді ол.

Аягөз ҚҰРМАШ
Бөлісу: