«Интер Майами» иесі Дэвид Бекхэм американдық команда сапына Анхель Ди Марияны қосқысы келеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ди Марияның «Ювентуспен» келісімшарты аяқталды. Енді ол Лионель Мессимен бірге АҚШ-қа аттануы мүмкін, деп хабарлайды тілші Фабрицио Романо Twitter-де.
Айта кетейік, 7 маусымда аты аңызға айналған аргентиналық шабуылшы Лионель Месси «Интер Майами» ойыншысы атанды. Әлем чемпионы өткен екі маусымды француздың ПСЖ клубының құрамында өткізді.
35 жастағы Ди Мария өткен маусымда 40 матчта сегіз гол және жеті нәтижелі пас берді. Ол бұған дейін ПСЖ, «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» және «Бенфика» сапында өнер көрсеткен.