Инфляцияны төмендету керек – Ұлттық банк төрағасы

4 Қыркүйек 2023, 10:55 9524

Бүгін ғана Ұлттық банк төрағасы болып сайланған Тимур Сүлейменов инфляцияны төмендету керек екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біздің экономикамыз үшін ең қауіпті процесс – инфляция. Сондықтан онымен күресіп қана қоймай, оны төмендету де керек. Бірнеше аптадан кейін журналистерді шақырып, сұхбат беретін боламын, - деді ол.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында банктердің пайдасы жайлы айтқан болатын.

Өткен жылы банктердің таза табысы 1,5 триллион теңгені құраған. Президенттің сөзіне қарағанда, мұндай жоғары табыс банктердің тиімді жұмысының нәтижесі емес, базалық мөлшерлеменің тым жоғары болуынан деп отыр.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: