Инфляциядан авиакомпаниялар да көп зардап шегеді – Air Astana басшысы

30 Мамыр 2023, 16:36 987

Air Astana авиакомпаниясының президенті Питер Фостер авиакомпаниялардың билет бағасы жолаушылар үшін қаншалықты тиімді екенін түсіндірді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты. Соның ішінде Fly Arystan авиакомпаниясының бағасына тоқталып өтті.

Ол жолаушылар не себепті авиакомпаниялардағы бағаның өзгеруіне жиі наразылық білдіретінін түсінбейтінін жеткізді. Мұны әлемдік нарықта болып жатқан қалыпты жағдай ретінде қарау керектігін атап өтті. Сөзінше, инфляциядан авиакомпаниялар да көп зардап шегеді.

2022 жылы Fly Arystan компаниясының 54 пайыз тарифі 14 мың теңгеден төмен бағада сатылды. Бұл тарифтер 2023 жылы да осы бағаны сақтайды. Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев айтып өткендей, расымен де елімізде ішкі рейстермен ұшатындардың қатары артты. 2012 жылмен салыстырғанда бүгінде Fly Arystan жолаушылардың 45 пайызын ішкі рейстерде тасымалдап отыр. Осы орайда Қазақстан әлемдегі ішкі рейстері ең жылдам артқан елдердің бірі екенін айта кету керек, - деді Питер Фостер.

Айтуынша, өткен жылы Fly Arystan-ның орташа тарифі 49 долларды құрады. Fly Arystan бағаның орташа құнын шығармай тұрғанда, Air Astana компаниясындағы баға 81 долларды құраған.

Fly Arystan компаниясы басқа да әуе компаниялары сияқты динамикалық бағаны белгілейді. Дәл осылай көптеген ел стандартты бағаны қояды. Жолаушы неғұрлым билетті ерте сатып алса, авиакомпания соғұрлым жолаушы үшін төмен бағаны ұсына алады. Ұшу күні жақындағанға дейін билет кұны өсе береді, - деп түсіндірді Air Astana авиакомпаниясының президенті.

Сондай-ақ ол алдағы бір жылдың ішінде авиакомпаниялардағы билет бағасы қымбаттамайтынын айтты.

Миражан Махан
Бөлісу: