Индонезияда питон әйелді бүтіндей жұтқан

9 Маусым, 08:29 7435

Индонезияның орталық бөлігінде бес метрлік питон әйелді жұтып қойды. Бұл туралы Франс Пресс сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дереккөз мәліметінше, төрт баланың анасы – 45 жастағы Фарида бейсенбі күні үйіне оралмаған. Жергілікті тұрғындар іздеу жұмыстарын жүргізіп, соның барысында Фариданың күйеуі оның заттарын тауып алған. Көп ұзамай топ іші үрленген питонды көрген. Жыланның ұзындығы шамамен бес метр болған.

Олар питонның қарнын жарамыз деп шешті. Сол-ақ екен, ішінен Фариданың басы көрінді, - дейді тұрғындар.

Агенттік жыланның әйелді киімімен бірге жұтып қойғанын жазған.

Зарина Арман
Бөлісу: