Индердегі қауіпті аймақтарда 33 жүкті әйел эвакуацияланады

6 Мамыр, 13:45 1139

Қазіргі уақытта жеңілденетін күні жақындаған бір ана Атырау қаласына жіберілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мамыр айында босануы күтіліп отырған Жарсуатта 9, Құрылыста 4 жүкті ана бар.

Индер ауданы бойынша 258 жүкті ана есепте тұр. Оның ішінде, Жарсуат, Құрылыс ауылдарында 33 жүкті ана бар. Қазіргі уақытта үшінші триместрдегі жүкті аналарды ерекше бақылауға алып отырмыз. Тасқын қауіпі төнген жағдайда күні жақындаған аналар орталық ауруханаға эвакуацияланады. Бұдан бөлек, үй жағдайында ем алып, төсек тартып жатқан науқастар шұғыл эвакуацияланып, аудандық орталық аурухана мамандарының күтіміне алынады" деді Индер аудандық ауруханасының директоры Анаргүл Доспаева.

Сондай ақ, Индер ауданы бойынша эвамедициналық бригадалар құрылып жатыр.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: