Индер ауданының әкімі тағайындалды

Кеше, 19:26 145

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен Индер ауданының әкімі болып Серік Нысанбаев тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауданның жаңа басшысы бұған дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген. 

Серік Нысанбаев 1980 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «құқықтану» мамандығын тәмәмдаған.

Еңбек жолында 2003-2008 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық және әскери жұмылдыру жұмыс бөлімінің бас маманы, 2008-2017 жылдар аралығында Атырау қалалық әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы болған. 2017-2022 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімі  аппаратының басшысы қызметін атқарған.

Зарина Арман
Бөлісу: