23 Қыркүйек 2014, 12:59
«Incheon Asiad Main» – осы Азия ойындарына арналып салынған жаңа стадион. Сыйымдылығы – 61,074 адам. Бұл жерде Азия ойындарының ашылуы және жабылуы сондай-ақ жеңіл атлетиканың жарыстары өтеді. Сарықұрлықтың додасы аяқталған соң 30 мыңға дейін кішірейтіледі. Құрлысқа 429 миллион доллар жұмсалған.
«Gyeyang Asiad Archery Field» спорт кешені – нысана көздеушілердің сайысы өтетін орын. Сыйымдылығы – 1181 орын.
«Anyang Hogye Gymnasium» – боулинг спортына арналған кешен. Сыйымдылығы – 270 орын.
«Gyeyang Gymnasium» – бадмминтон ойынына арналған спорт кешені. Сыйымдылығы – 4304 орын.
«Suwon Gymnasium» – стол теннисіне арналған спорт кешені. Сыйымдылығы – 5145 орын.
«Yeonhui Cricket Ground» – крикет ойындары өтетін алаң. Сыйымдылығы – 2371 орын.
«Munhak Baseball Stadium» – бейсбол спортына арналған алаң. Сыйымдылығы – 27 877 орын.
«Munhak Stadium» – 2002 жылғы әлем чемпионаты кезінде салынған. Сол кезде бұл стадионда Коста-Рика мен Түркия, Дания мен Франция және Оңтүстік Корея – Португалия құрамалары доп тепкен еді. Сыйымдылығы – 49084 адам. Футбол ойындарының финалдық кездесу осы жерде өтеді.
«Ansan Wa» алаңы – 2006 жылы ашылған. Бұл стадион 35 000 адамға арналған. Өзі дәл Сеулге баратын метроның жанында орналасқан.
«Goyang Stadium» – футбол матчтары өтеді. Сыйымдылығы – 41 311адам.
«Namdong Asiad Rugby Field Stadium» – регби ойындарына арналған стадион. Сыйымдылығы – 1604 орын.
«Yeorumul Tennis Courts» – бұл жерде теннис ойындары өтеді. Сыйымдылығы –5802 орын.
Арнайы Инчхон қаласынан – Бек Төлеуов.