Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды

23 Қараша 2022, 19:48 1347

Бұл туралы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысында белгілі болды

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы лауазымына Иманғали Тасмағамбетов тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі ҰҚШҰ-ның жоғары органы саналады.

Оның құрамына мүше мемлекеттердің басшылары, атап айтқанда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей Президенттері кіреді. Дәл осы кеңестің келісімімен ҰҚШҰ бас хатшысы тағайындалады.

ҰҚШҰ бас хатшысы ұйымның жоғары әкімшілік лауазымды тұлғасы саналады және ұйым хатшылығына басшылық жасайды.

EL.KZ
Бөлісу: