Имамның бір күні...

15 Желтоқсан 2017, 10:28 7152

"Нұр Астана" мешітінің имамы Нұрлан Рамазановтың бір күні

Мешіттің бас  қызметкерінің  (имамның)  жұмыс күні қалай өтеді? Ол күнделікті қандай мәселелерді шешеді? Оның жұмыс күнінде қандай қиындықтар туындауы мүмкін? Бүгінгі репортаж осы сұрақтардың жауабын береді.

Астанадағы «Нұр Астана» орталық мешіті имамның жұмыс күні таң атпастан ерте басталады. Таңертең әріптестерімен бірге таңғы намазды орындау үшін мешітке келеді. Осылайша күннің көтерілуімен еңбек күні басталады.

Мешіт имамдары таңертеңнен кешке дейін имам мешітке келушілерді қабылдайды. Әр келуші адам қасиетті ғибадатхананың табалдырығынан өтіп, түрлі себептер мен сұрақтар қояды. Біреу үйлену тойына тіркеу үшін қуанышпен келеді, бірі  неке қию немесе жаңа туылған нәресте үшін «азан шақыру» рәсімін өткізуге, енді бірі ішкі мазалаған сұрақтарына жауап іздейді, ақиқатты іздейді, тағы бір топ аурудан сауығу үшін алладан денсаулық сұрап келеді. Көбінесе о дүниелік болған туыстарына құрметпен қарау және еске алу үшін дұға, құран бағыштайды. Әр келушінің мәселесіне қарай имамдар да әр мәселеге өзінше көз-қараспен қарайды.

- Мешітке келушілермен сұхбат құру, әр адамның жүрегіне жету үшін имам психолог болу керек. Әр жанға өз біліміңізді жеткізу, өзің білетін нәрселеріңізді түсіндіру үшін педагогикалық негізді білімі болуы керек. Бүгінгі күннің талаптарын ескере отырып, университеттерде имамдарды дайындау бағдарламасына психология, педагогика сияқты пәндер кіреді. Сонымен қатар білім жан-жақты болуы үшін тарих, әдебиет пәндері де енгізіледі. Біз осы және басқа пәндерді Нұр Мубарак университетінде, содан кейін Мысырдағы Әл-Азхардағы біліктілікті арттыру курстарында оқыдық. Мұның бәрі біздің жұмысымызға оң әсерін тигізеді», - дейді Нұрлан Рамазанов. ХХІ ғасыр өз жаһандануын орындауды талап етеді. Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, көп функционалдылыққа ие болу керек. Бұл мәселе мешітті де айналып өтпегені хақ. Түскі намаздан кейін қалыптасқан дәстүр бойынша және мешіттің ішкі тәртібіне сәйкес, уағыз айтылды. Барлық уағыз тақырыптары КМҚ-да белгіленген. Көптеген тақырыптар бойынша уағыз тек жұма күндерінде, жұма намазында ғана емес, күндізгі намаздан кейін де айтылады.

Сондай-ақ, мешітте намаз оқуға ниетті жандарға арналып  ағарту жұмыстары,  сабақтар жүргізіледі. Имамдардың жұмыс кестесінде уақыт шектеулі, әрі тығыз. Мешіт қызметкерлері шәкірттермен  жұмыс істеу, оқыту, уағыздау, салт-жораларды жіберу, білімдерін көтеру және көптеген басқа мәселелерді шешеді.

Адам жанының дәрігерлері

Мұғалімдерді  әдетте, адамның жаны инженерлері деп атайды. Олар мүсінші сияқты жеке тұлғаның қалыптасуына атсалысады. Имамдар да адам  жанын  тыныштандырушы, рухтандырушы дәрігерлер  деп те аталуы мүмкін. Олардың көмегін сұрап, әдетте мешітке ересек адамдар  жиі келеді.  Әр адам баласының  өзінше ауыр мәселелері, әрқайсысының өз жеке қайғысы бар. Мешіт шындықты, бейбітшілікті, тыныштықты іздестірген жанның табан тірейтін орны. Жақында мынадай бір оқиға болды . бір адам ауырып, хирургиялық ота қажет болды. Науқасты емдеу үшін шетелдік мамандардың көмегі қажет екен. Шетелге бару үшін айтарлықтай қаражат керек. Қалай болғанда да, біз мешіттің тұрақты өкілдеріне яғни кәсіпкерлерге бет бұрдық. Көмек көрсетілді. Бұл тек қана қисыны келген оқиға емес, - дейді біздің имам. Мешітке отбасылар жиі келеді. Жақсы өмір сүруді қалаған жандар  үлкен қалаға әр түкпірден келіп жатады. Жұмыссыз және тұрмыссыз елордамызда өмір сүру қаншалықты қиын екенін елестете бермейді. Кейбір себептермен табыс көзін жоғалтқан адамдар іс жүзінде көшеде қалып жатады. Бізге төрт баласы бар әйел келді. Қатты қыс түсіп, аяз күшті болатын. Ол маған жалға алынған үйдің иесі оны төлемегені үшін үйден шығарғанын айтты. Қайда баратынын білмей, мешітке келген.  Біз оған көмектесуге, баспана тауып, жұмыс іздеуге тырыстық. Қиын жағдайға тап болған адамға көмектескен кезде, сіз үлкен қуаныш сезінесіз. Өйткені, мұқтаждарға көмектесу үшін Мұхаммед пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде келтірілген сүннет, - дейді имам Нұрлан Рамазанов.

Мешітпен онлайн жұмыс

Әрқайсымыз кемінде бір рет төтенше режимде жұмыс істейміз. Мәселенің төтенше тууына байланысты кез-келген жағдайда дайын күйде болу оңай емес. Алайда, бұл да имамның өмірі мен жұмысының бір бөлігі. Ғаламтор желісінің дамыған ғасырында бұл мешіт мәселелерін шешу үшін желіні қолданудың өзіндік артықшылықтары да бар. Ақпараттың көпшілігінің желіден таратылатынын ескере отырып, интернеттегі білім беру және насихат жұмыстарына үлкен мән беріледі.

Бүгінгі таңда еліміздегі барлық мешіттердің сайттары бар. Онда әркім өзіне қызықты, пайдалы ақпаратты таба алады. Интернет арқылы имамға сұрақ қоюға мүмкіндік те қарастырылған. Оқырманның сұрағы жауапсыз қалғанда бізден немесе басқа ресми веб-сайттарды қарап, ақпарат іздеуге тырысады. Басқа көздерде іздеушіге қажет жауаптан басқа, мүлдем теріс жолға алып келетін нәрселер болуы мүмкін. Сондықтан біз жұмысымыздың қағидаларын қатаң сақтаймыз. Мешіт қызметкерлері ақпараттық ресурстарды мұқият қадағалайды, - дейді имам. Соңғы, бесінші намаздан кейін діни қызметкердің күні аяқталады. Ең жоғарғы күн тәртібінде орындалуы тиіс жұмыстардың бәрін орындап, қоғамның игілігі үшін жұмыс күнін аяқтап, имамдар үйге қайтады. Басқа жанның жарасын жазуға тырысқан имамдардың  көпшілігінде  тіпті өз үйіде болмайды.  Астананың көптеген тұрғындары сияқты үйді жалға алады. Бірақ өмір қиындықтарына, жердегі қиындықтарға қарамастан, олар адамдарға сенеді, олар адамдардың санасына жақсылық пен мейірімділік нұрын себеді. Шынайы өмірде де, онлайнда да айтылған сөздің жауапкершілігін сезінген имамдар сұрақтарға жауап беріп, мысалдар келтіріп, мүмкіндігінше оқырманның көңіліндегі сауалға дұрыс ақпарат беруге тырысады.

- Мен әріптестерімнің әр сөзі, әр әрекеті көпшіліктің назарында екенін үнемі есімде ұстаймын. Біз исламдық өмір салтын ұстанамыз. Исламдағы барлық нәрсе анық және нақты жазылғандай, бір қоғамдағы ең кішкентай бөлшектерге дейін назардан тыс қалмайды. Біз исламдағы аталмыш талаптарды ғана орындай аламыз », - дейді біздің кейіпкеріміз. Әр адам  өз өмірін өзі  жасайды. Біреу кеңседе отырса, екіншісі егін егеді, үшінші адам балаларды оқытады, біреуі қаржы есебін жүргізеді, енді бірі кітап жазады ... Біздің репортаждың кейіпкері болған имамның айтуынша  оның өмірінің  ерекшелігі мешітте болған кез ғана емес, әрдайым жұмысың үздіксіз жүруінде деп есептейді. Өйткені ислам өмір сүруге үйретеді, жүрекке тыныштық әкеледі. Әр іске үйлесімділік беріп, өмірді жақсы  сүру мүмкіндігін, дүниелік және мәңгілік тепе-теңдікті сақтаудың құпиясын көрсетеді.

Авторы: Гүлжайна Алтынбекқызы

Бөлісу: