Илья қатысқан доданы Евроспорт қалай көрсетті? (толық видео)

21 Қараша 2014, 12:43

Ел.кз редакциясы Евроспорт арнасының нұсқасындағы трансляцияны Интернет желісінен тауып алып, Сіздердің назарларыңызға ұсынады.

Өткен сенбі күні, Ауыр атлетика бойынша әлем біріншілігінде 105 кг салмақта рекорд жаңартып, әлем чемпионы атанған Илья Ильин Қазақстан халқына үлкен қуаныш сыйлады. Бұл жеңіс әлеуметтік желілерде өте белсенді талқыланды. Барлығы Илья батырымызға ризашылығын білдіріп жатты. Алайда, жанкүйерлер Ильяның жеңісінен бөлек тағы бір нәрсеге назар аударды. Отандық комментаторларға көңілі тола бермейтін кейбір көрермендер Евроспорт арнасының нұсқасындағы трансляцияға ризашылық білдіріп жатты. Әсіресе спорт көрермендеріне ресейлік мамандардың біздің батырымыз Илья Ильин туралы айтқан пікірлері қатты ұнады.

Ел.кз редакциясы Евроспорт арнасының нұсқасындағы трансляцияны Интернет желісінен тауып алып, Сіздердің назарларыңызға ұсынады.


Дәурен Омаров

Бөлісу: