Илья Ильинге шұғыл ота жасалды

19 Желтоқсан 2023, 11:45 2044

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тізесіне ота жасалғанын хабарлады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол менисктің жыртылуына байланысты тізесіне операция жасады. Мұндай жарақаттың қалпына келтіру мерзімі әдетте шамамен алты айды құрайды.

Алайда, спортшының жұбайы Татьяна Гордиенкомен бірге түскен бейнежазбасынан Ильиннің тез жазылып, жаттығу залына оралғысы келетінін естуге болады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: