Илон Маск WhatsApp мессенджеріне сенуге болмайтынын мәлімдеді

10 Мамыр 2023, 06:28 653

Америкалық кәсіпкер әрі Twitter-дің иесі Илон Маск WhatsApp мессенджеріне сенуге болмайды деп санайды.

Оқырмандардың бірі өзі ұйықтап жатқанда WhatsApp қосымшасы бірнеше рет микрофон қолданғанын айтып шағымданған.

Осыған байланысты Маск Twitter-де былай деп жазды:

WhatsApp-қа сенуге болмайды.

Сонымен қатар, пайдаланушының WhatsApp-тың Meta компаниясына тиесілі екендігі туралы хабарламасына жауап ретінде Маск WhatsApp негізін қалаушылар компаниядан кикілжіңмен кеткенін, сондықтан да олар Ғаcebook-ке қарсы науқан бастағанын айтты.

Перизат Саденова
Бөлісу: