Илон Маск шығарған Cybertruck адам өлтірді

6 Тамыз, 11:26 475

Техас құқық қорғау органдары Tesla компаниясына тиесілі Cybertruck электромобилінің қатысуымен болған АҚШ-тағы алғашқы жол апатын тергеуді бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Электромобиль кенеттен басқаруға көнбей, жолдан шығып кетіп, бетон құбырға соқтығысқан. Өрт шығып, көлік толықтай жанып кеткен, ал жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Көліктің неліктен басқарудан шығып кеткені әзірге белгісіз. Ал Electrek басылымының мәліметінше, Cybertruck тек Tesla-ның краш-тестілеуінен өткен, басқа компаниялар тестілеу ұйымдастырмаған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: