SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск бір күнде 12 миллиард долларын жоғалтты. Бұл туралы Bloomberg Billionaires Index көрсеткіштерін негізге ала отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Илон Маск бір тәулік ішінде байлығының 7 пайызынан айырылып отыр. Тоқсан сайын жасалатын нәтижелерге сүйсенсек, Tesla компаниясының көрсеткіштері көңіл көншітпейді. Одан қалды кеше SpaceX Starship зымыраны жарылып, Twitter әлеуметтік желісі пайдаланушылардың көк түсті тексеру белгілерін алып тастауды қолға алды.
Салдарынан Масктің байлығы соңғы 24 сағат ішінде 12,6 миллиард долларға төмендеді, осылайша Илон қаржы жоғалту жағынан антирекорд орнатып отыр.
Соған қарамастан Маск француз миллиардері Бернард Арнодан кейін әлемдегі ең бай екінші адам болып қала береді.