27 Тамыз 2014, 11:29
«Тіл – құралдың» синтаксиске арналған 3-кітабы мен ересектердің сауатын ашуға арналған әліппе – «Сауат ашқыш» кітабында орын алған. Мұнда автор Қожанасыр, Алдаркөсе ту- ралы әңгімелерден бастап, халық аузындағы аңыз-әңгіме, би- лер сөздерін, бұрынғы өткен ақын-жыраулар мұрасын, Ыбы- рай, Абай және өз өлеңдерін, аударма және төлтума мысал- дарды, Жуковский, Красновский сияқты орыс ақындарынан жасалған аудармаларды пайдаланған. Ы.Алтынсариннің
«Хрестоматиясындағы» кейбір әңгімелерді, Нысанбай ақын- ның «Кенесары–Наурызбай» поэмасынан үзінділер пай- даланған. Бұл мәтіндердің мазмұнында оқушыға теріс тәрбие беретін, жамандыққа баулитын идея жоқ, керісінше, оқу- білімге, еңбекке шақырып, адамгершілікті уағыздайды.
А.Байтұрсынұлы алған білімі, мамандығы жағынан кәсіби (профессионал) лингвист емес еді. Оны тіл біліміне алып кел- ген оқу-ағарту ісін жолға қою, халықты жаппай сауаттанды- рып, көзін ашу, сол арқылы қазақ халқын ұлттық теңсіздіктен құтқару мақсаты. Маман лингвист еместігіне қарамастан, Ахмет Байтұрсынұлы тілдің, оның ішінде қазақ тілінің таби- ғатын, құрылымдық категорияларын дұрыс аңғарған. Қазақ грамматикасын талдап, ол орыс лингвистикалық мектебінен сусындаған, бірақ туыстығы жағынан өзгешеленетін түркі тілдерінің (оның ішінде қазақ тілінің) құрылымында орыс тілінен (жалпы, үндіеуропа тілдерінен) ажыратылатын (яғни типологиялық) ерекшеліктері болуға тиіс екенін де жақсы сезген. Әрине, А.Байтұрсынұлының грамматикасы бүгінгі түркологиялык, жалпы лингвистикалық ғылым тала- бы тұрғысынан келгенде, үлкен теориялық зерттеулер емес, өйткені ол ең алдымен, мұндай мақсатты көздеген емес, екіншіден, мектеп грамматикасының өзін А.Байтұрсынұлы бастауыш (алғашқы 4-5 жылдық) мектеп оқушылары үшін ғана талдап, танытты. Сондықтан «Тіл – құрал» қазіргі «Қазақ тілі грамматикасы» (морфология, синтаксис) деп ұсынылып жүрген 5-7 сынып оқулықтарымен бірдей емес. Бұл күнгі мек- теп бағдарламаларына сәйкестігі жағынан тіпті, қазіргі 1-4 сы- нып «Қазақ тілі» оқулықтарынан да ерекшеленеді.
«Тіл – құралдың» әр бөлімі 6-7 реттен жарық көріп, алғашқы 1914-1915 жылдардан бастап 1927-1928 жылдарға дейін қайта басылып келді. Бұл мерзім ішінде, әрине, бұл оқулықтар мүлде өзгеріссіз қалған жоқ. Автордың өзі әр басылым сайын өңдеп, оқулықтарын 1930-40 жылдарға дейін шығарып келген болса, сөз жоқ, олар едәуір өзгеріп, қазіргі грамматикаларға жақындай түскен болар еді. Дегенмен, қазақ тілі сөз таптары- на, сөз тұлғаларының, сөз өзгерістерінің, сөйлем түрлерінің классификациясы тұңғыш берілген терминдерімен қоса А.Байтұрсынұлының талдауы негізінде беріліп келеді. Әрине, өзгешеліктер жоқ емес, ол өзгешеліктердің болуы заңды да. Мектепте үйрету сияқты практикалық мақсат көздей жасалған зерттеулер мен ғылым объектісі ретінде теориялық негізде жүргізілген бүгінгі зерттеулердің арасында өзгешеліктердің
болуы даусыз. Осындай жағдай фонетикалық талдаулар сала- сында да орын алады.
А.Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойған: ол әуелі қазақша сауат аштыруды мақсат еткен, бұл үшін әліппе – «Оқу құралды»; одан соң қазақ тілінің фонетика- сы мен грамматикалық құрылымын ана тілінде талдап, пән ретінде оқытып үйретуді мақсат еткен, бұл үшін үш бөлімнен тұратын «Тіл – құралды»; үшінші – дұрыс сөйлеп, дұрыс оқып, дұрыс жазуды үйретуге көмектесетін және бір құралды жазу- ды қолға алып, бұл үшін «Тіл жұмсарды» жазды; төртінші – сауат аштыру, тілді оқыту методикасын жасауды міндетіне алған, бұл үшін «Баяншы» мен «Әліппе астарын» жазды, бесіншіден – балалардың тілін ұстартып, оларды көркем сөзге баулуды көздеген, бұл үшін Т.Ш.Шонановпен бірігіп, үлкен хрестоматия (ол да «Оқу құралы» деп аталған) құрастырған.
Ахмет Байтұрсынұлы біріншіден, қазақ тілінің әліппесінің, оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл ағартушы. Екіншіден, араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы. Бұл жазу ХХ ғасырдың 10-жылдарынан бас- тап, 20-жылдардың соңына дейін қазақ мәдениетіне, оқу- ағартуына қызмет етті. А.Байтұрсынұлы әліпбиі күні бүгінге дейін қолданыс тауып келеді: Қытай Халық Республикасы, Ауғаныстан, Иран сияқты елдердегі қазақ бауырластарымыз сауаттарын осы жазумен ашып, баспа дүниелерін осы графи- камен шығарады. Үшіншіден, А.Байтұрсынұлы қазақ әдебиеті мен тілін, мәдениет тарихын зерттеуші тұңғыш филолог, тарих- шы ғалым және Қазақстан ғылымын ұйымдастырушылардың бірі. Төртіншіден, ол қазақ халқына, еліне адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының абзал ұлдарының бірі, XX ғасырдың бас кезіндегі Үркердей топ – демократтық бағыттағы қазақ интеллигенциясының ең ірі, ең беделді өкілі. Сталиндік режимнің құрбаны.