Іле ауданында жеке тұрғын үй өртенді

20 Тамыз, 23:50 818

Алматы облысы Іле ауданының Боралдай ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызыл жалын 150 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жедел және үйлесімді әрекет етіп, өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі таңда оқиғаның себебі анықталуда. 

Зарина Арман
Бөлісу: