Іле Алатауы паркінде туристерге 2 млн теңге айыппұл салынды

18 Маусым 2023, 18:55 602
Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінде 3 күнде туристерге 700 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 
 
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша биыл өрт қауіпі бар кезең басталғалы бері 20-ға жуық адам әкімішілік жауапқа тартылған. 
 
Олардың ішінде 6 адам 2 млн 70 мың теңгенің айыппұлын төлеуге міндеттеліп отыр. Сондай-ақ, 690 000 теңге айыппұлы үш-ақ күнде салынды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 367-бабы (Ормандардағы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы өрт қауіпсіздігі мен санитариялық қағидалар талаптарын бұзу) бойынша жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш (345 000 теңге) көлемінде айыппұл салу жазасы қарастырылған, - деп жазылған департтамент таратқан ақпаратта.
 
Қазіргі кезде құтқарушылар полициямен бірге рейдтік шараларды тұрақты жүргізіп отыр. Оған парк мамандары мен еріктілер де жұмылдырылған.  Ал өрт ошақтарын ерте анықтау және рұқсат етілмеген жерде өрт жағу фактілерін анықтау үшін тепловизорлар мен дрондар қолданылуда.
 
Сонымен қатар, төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына таулы-орманды алқаптарға барғанда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау қажеттігін ескертіп отыр. 
Асқар Таудай
Бөлісу: