ІІМ Қарағанды академиясының курсанты гір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды

4 Шілде 2022, 09:45 2158

Олар Азияның екі дүркін чемпиондары – Захар Коваленко мен Назар Коваленко

1-4 шілде аралығында Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында 16 және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында гір тасын көтеруден Әлем чемпионаты өтуде, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Polisia.kz сайты жариялады.

Әлем біріншілігіне сегіз мемлекет қатысып жатыр. Олар: Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан, Пәкістан және Моңғолия мемлекеттері.

200-ден астам спортшы өз салмақ дәрежелеріндегі мықтыларды анықтауға жиналған. 73 келіге дейінгі салмақта Әлем чемпионатында еліміздің атынан спорт шеберіне үміткер, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы Захар Коваленко сынға түсті. Ол 24 келі гір тасын 10 минуттың ішінде 222 рет көтеріп, сайыста алтыннан алқа тақты. 68 келіге дейінгі салмақта спорт шеберіне үміткер, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы Назар Коваленко өнер көрсетті. Ол гір тасын 184 рет көтеріп, күміс жүлдені қанжығалады.

Атап өту керек, ағайынды жігіттер ІІМ-нің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында білім алады.

Бөлісу: