ІІМ үй киімімен жүріп жұмысын атқарған полицейге қатысты түсінікте берді

29 Шілде 2023, 15:55 2679

Әлеуметтік желілерде үй киімінде өз міндеттерін атқарған полиция қызметкерінің бейнесі пайда болуына қатысты ІІМ түсініктеме берді,  деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Аталған оқиға 8 шілде кешкі сағат 11-де Деркөл кентінде өз үйінде болған. Орал қаласының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкері ата-анасының еріп жүруінсіз көшеде жүрген үш кәмелетке толмаған балаларды көріп, оларға қауіп төнуі мүмкіндігін ескере отырып, дереу шара қабылдаған.

Өз міндетін атқара отырып азаматтық киім үлгісінде болса да, балалар үшін жауапкершілікті сезінген ол жұмыста болмағанына қарамастан, аталған қызметкер үйінің жанында болып жатқан мән-жайды көре отырып, дереу заңды өкілдерін анықтап, полиция жасағын шақырған, - деп жазылған ІІМ таратқан ақпаратта. 

Осындай деректерді болдырмау және құқық бұзушылықтың алдын алу үшін заңды өкілдерге ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлігінің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Алайда балалардың ата-аналарының бірі әкімшілік хаттама жасалғанына ашуланып, қызметкерді үй киімінде өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға құқығы жоқ деп бейнежазбаға түсіре бастаған.

Асқар Таудай
Бөлісу: