ІІМ Тұрлыхановтың ұлын қадағаламаған қызметкерлерге қатаң шара қолданды

23 Қазан, 17:50 361

Ішкі істер министрлігі мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлын қадағаламаған қызметкерлерге қатаң шара қолданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз бұл іс бойынша қызметтік тексеру жүргіздік, қатаң шаралар қолдандық, барлық қызметкерлеріміз жазаланды, - деді ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.

Бірақ нақты қалай жазаланғаны белгісіз.

Айта кетейік, желіде пробациялық бақылауды бұзған Нұрасыл Болаттың видеосы тараған болатын.

Миражан Махан
Бөлісу: