ІІМ қызметкері жауынгерлік тікұшақты сүйрету бойынша рекорд орнатты

27 Наурыз 2023, 12:07 734

Елордалық авиабаза базасында ІІМ әскери-тергеу департаментінің қызметкері Бауыржан Камалиев МИ-17 жауынгерлік тікұшағын 15 метрге дейін сүйреп, рекорд орнатқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеуінше, бұл полиция қызметкерінің төртінші ресми рекорды.

Ол бұған дейін екі теміржол локомотивін рельстермен 10 метрге созып, 42 тонналық Airbus ұшағын және 10 жол талғамайтын көлікті орнынан жылжытқан екен.

«Осы рекорд алдында қатты қобалжыды. Абырой болғанда тікұшақ оған мойынсұнып, орнынан қозғалды. Тәртіп сақшысы өзінің жаңа рекорды қарсаңында үш ай үздіксіз жаттығу жүргізгенін айтты. Ал жаттығу кезінде тікұшақты орнынан қозғау кей жағдайда мүмкін болмаған. Күштік экстрим саласындағы спортшыны ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов құттықтады. Оған қазақстандық рекордтар кітабының атынан арнайы сертификат табысталды», - деді Шұғыла Тұрлыбек.


Министрліктің мәліметінше пауэрлифтингтен ҚР спорт шебері Бауыржан Камалиев ішкі істер органдарында 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: