ІІМ басшысы әріптестеріне Ұлттық ұланның Бас қолбасшысын таныстырды

18 Қыркүйек, 23:05 235

Ішкі істер министрі Ержан Саденов полиция ведомствосының орталық аппаратының қызмет басшыларына өзінің жаңа орынбасары, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековті таныстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz.

Аңсаған Балтабеков мемлекеттік күзет қызметі мен ұлттық қауіпсіздік органдарының түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарында қызмет еткен.

Министр жаңа басшының басқаруымен Ұлттық ұланның заманауи қатерлерге жедел ден қоятын алдыңғы қатарлы ведомствоға айналатынына сенім білдірді. Сондай-ақ ол жеке құрамның жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру және материалдық–техникалық жарақтандырумен қамтамасыз етуді жақсарту сияқты жұмыстың негізгі бағыттарын атап өтті. Ведомство басшысы оған қызметте сәттілік тіледі. 

Сіздің кәсібилігіңіз бен еңбекқорлығыңыз Ұлттық ұланның алдында тұрған міндеттерді тиімді шешуге көмектеседі деп ойлаймын, – деді Ержан Саденов. 

Зарина Арман
Бөлісу: