ІІМ Алматы академиясында даярлау орталығы ашылды

8 Шілде 2023, 14:48 575

ІІМ Алматы академиясында ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша мамандарды даярлау орталығы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған орталықта полицейлерге Академияның білікті профессорлық-оқытушы құрамы аталмыш бағыттағы жұмыстың дағдылары мен ерекшеліктерін үйрететін болады.

Атап айтқанда, еліміздің әр өңірлерінен ұйымдасқан қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша полиция мамандары біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Оқыту орталығының басты мақсаттарының бірі – ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жүргізу жұмысында полицейлердің кәсібиліктерін арттыруды көздейді. 

Асқар Таудай
Бөлісу: